05.01.2018, 17:32 6252

Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 32,1 млрд теӊгеден асты

Оныӊ ішінде, 26,4 млрд теӊге (82,2%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 5,7 млрд теӊгеге жуық қаржы (шамамен 17,8%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -Желтоқсан айыныӊ 1-і мен 31-і аралығында Медициналық сақтандыру қорыныӊ Ұлттық банктегі шотына 7,4 млрд теӊгеге жуық жарна аударылды.

Жалпы, жаӊа жүйе іске қосылған 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында түскен түсімдердіӊ жалпы көлемі 32,1 млрд теӊгеден асып жығылды.

Оныӊ ішінде, 26,4 млрд теӊге (82,2%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 5,7 млрд теӊгеге жуық қаржы (шамамен 17,8%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.

Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жыл соӊына дейін түсетін жарна мөлшері 30 млрд теӊгеге жуықтайды деген болжам жасаған болатын. МСҚ жыл соӊына болжанған көрсеткіштерге толығымен қол жеткізді0 деп хабарлайды "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны