04.03.2013, 14:33 19028

Алғашқы қазақстандық АЭС Ақтауда орналасады

Бұл туралы "ҚазАтомПром" ҰАК" АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда алғашқы атомдық электр станциясы Ақтау қаласында орналасуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАтомПром" ҰАК" АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Станция салу жөнінде саяси шешім қабылданды. Дегенмен, бұл Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы алғашқы станция болуы мүмкін, себебі онда қызметкерлер құрамы, инфрақұрылым сақталған", - деді В.Шевелев.

Ұлттық атомдық компания өкілінің айтуынша, бірінші қазақстандық АЭС құрылысына халықаралық тендер жарияланып, сарапшыларды жұмылдырумен барлық ұсыныстар қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Н.И.Назарбаев "Қазатомпромға" энергия теңгерімін талдап шығуды және жарты жыл ішінде болашақ АЭС құрылысының орны бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.

"Қазатомпром" ұлттық атомдық компаниясы уран, сирек металдар, атомдық электр станцияларына ядролық отын, арнайы жабдықтар, қос мақсатты технологиялар мен материалдарды иморттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады.

Қазатомпромның міндеті еліміздің ішкі және сытрқы нарықта бәсекеге қабілетті индустриялдық кешенін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүргізу болып табылады.

Компанияның 100% акциялары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры түрінде мемлекетке тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны