06.02.2017, 18:47 4705

Алғашқы қазақстандық астық Қытай арқылы Вьетнамға жіберілді

Қазақстанныӊ Жалтыр станциясынан тұӊғыш рет 32 контейнермен 700 тонна қазақстандық астық Ляньюньган порты арқылы Хошимин портына жөнелтілді.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алғашқы қазақстанды астық Қытайдыӊ Ляньюньган порты арқылы Вьетнамныӊ Хошимин портына жіберілді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "KTZ Express АҚ Ляньюньган қаласындағы "Қытай-қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШС-мен бірлесіп, қанатқақты жоба ретінде осы бағдарды таӊдады.

Атап өтерлігі, Қазақстанныӊ Жалтыр станциясынан тұӊғыш рет 32 контейнермен 700 тонна қазақстандық астық Ляньюньган порты арқылы Хошимин портына жөнелтілді.

Ляньюньган портында қазақстандық астықты жіберуге қатысты салтанатты шара өткізілді. Оған "Ляньюньган" порты МК" ЖШС директорлар кеӊесініӊ төрағасы Дин Жуй қатысып, қытай тарапыныӊ Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оӊтүстік -Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оӊтүстік Шығыс Азия елдерініӊ түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр.

Қазақстандық өнімді Ляньюньган портыныӊ әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді.

Ляньюньган теӊіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардыӊ бірінен саналады.

Ляньюньган теӊіз портындағы көлік-логистикалық терминалы "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны - "KTZ Express" АҚ мультимодальдық компаниясымен "Ляньюньган порты халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны