20.06.2007, 18:53 3657

Алғашқы қазақстандық "халықтық" компьютер 2007 жылдың көктемінде шығарылады - "Қазына" АҚ

АСТАНА. 20 -маусым. Kazakhstan Today. Алғашқы қазақстандық "халықтық" компьютер 2007 жылдың көктемінде шығарылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматыда GLOTUR компаниясының өндірістік базасында дербес компьютерлерді құрастыратын өнеркәсіптік желі үстіміздегі жылдың күзінде іске қосылады",- деді Қайрат Келімбетов. "Алғашқы қазақстандық компьютерлер нарыққа TECATA сауда маркасымен шығады, олардың бағасы 350 АҚШ долларынан аспайды",- деп қосты ол.

Оның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш желінің өндірістік қуаттылығы жылына 100 мың компьютерге дейін құрастыруға мүмкіндік береді. "Жоба инвесторы "Қазына" қорының құрамына кіретін Ұлттық инновациялық қор мен "GLOTUR" АҚ құрған "Glotur Technology Fund" АИФРИ" қазақстандық венчурлық қор болып табылады",- деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, "аталмыш жобаны жасау барысында Қазақстан халқының ақпараттық теңсіздігін төмендету жөніндегі үкіметтік бағдарлама негізге алынған". GLOTUR басқармасының төрағасы Қанат Нүркенов өз кезегінде, " TECATA маркалы компьютер өндірудің ең бір тартымдылығы сол, компьютерлер елімізде қазір қолданылып жүрген стапельдік ескірген тәсілмен емес, өнеркәсіптік тәсілмен конвейерлік тәсілмен шығарылады", деді ол. "Компьютерлерді конвейерлік желіде құрастыру олардың сапасын HP, Dell, IBM сияқты әлемдік брендтер деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай сапалы компьютердің бағасының небәрі 350 АҚШ доллары тұратындығы тамаша ғой",- деп атап өтті ол.

Ұлттық инновациялық қор басқармасының төрағасы Нұрбек Раевтің пайымдауынша, "халықтық " компьютерлерді өндіру жөніндегі жоба "қазақстандық ІТ-секторының дамуына республиканың венчурлық қорлар қосқан кезекті үлес болып табылады". "2007 жылы нарыққа TECATA компьютерлері шығады, ал өткен жылы Алматыда "Адвант" еншілес қоры әлемдегі ІТ - білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі - NIIT үнді компаниясының технологиясын, әдістемесі мен тәжірибесін қолдана отырып Futurtech атты оқытушы ІТ-орталық ашқан болатын",- деп еске сала кетті ол. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық бес венчурлық қор 11 жергілікті инновациялық жобаны 5 млрд теңгеден астам көлемде қаржыландырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны