08.06.2012, 17:04 3822

Алғашқы тоқсанда Қазкоммерцбанктің таза табысы 7 пайызға ұлғайды

Қазкоммерцбанктің таза табысы алғашқы тоқсанда 5,9-дан 6,4 миллиард теңгеге дейін өсті.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Алғашқы тоқсанда Қазкоммерцбанктің таза табысы 7 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазкоммерцбанктің таза табысы алғашқы тоқсанда 5,9-дан 6,4 миллиард теңгеге дейін өсті.

Бұл қаржы институтының халықаралық стандарттардың қаржылық есептілігіне сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есебінде мәлім болып отыр.

Банктің 3 айдағы түзетілген таза пайыздық маржасы 3,8 пайыз болды. Бөлшек депозит көлемі жыл басынан бері 4 пайызға ұлғайған. Бірінші деңгейлі капиталдын баламалық коэффициенті 18,6-дан 18,7 пайызға, ал жеке капиталдың баламалы коэффициенті 22,3-тен 22, 7 пайызға өсті. Клиенттердің қарызы бойынша сақтық қорда сақтау мөлшерлемесі 24,6 пайызға ұлғайып, жұмыс істемейтін заемдары жалпы қарыздың 28,6-дан 28,3 пайызға азайды. Салық шығыны 1,8 миллиард теңгені құрауда. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде ол 1,5 миллиард теңге болған еді. Алғашқы тоқсанда салық айналымының тиімді мөлшерлемесі 21,6 пайыз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны