24.02.2009, 16:58 2847

"Альянс Банк" клиенттері өз ақшасын есепшоттан ала алмай отыр - Мыңбаев

"Альянс Банк" клиенттері өз ақшасын есепшоттан ала алмай отыр - Мыңбаев

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Альянс Банк" клиенттері өз ақшасын есепшоттан ала алмай отыр. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Несиелік желінің ашылғаны жақсы, бірақ маған адамдардан мынадай өтініштер келіп түсіп жатыр: "несиесін сайтан алсын, атап айтқанда "Альянс Банктен" тек өз ақшамызды алуға мүмкіндік берсеңіздер", - деді С. Мыңбаев. Ол Қазақстандық кәсіпкерлер шығын және орта бизнесті қолдауға мемлекет бөлген қаражат өздеріне әлі жете қоймағанын айтып жатқанын, бұл туралы олар кеше Астана қаласында өткен Қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілердің жалпы ұлттық форумы барысында мәлім еткенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны