08.07.2009, 15:26 2417

"Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты материалдары прокуратураға берілді - Ұлттық банк басшысы

"Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты материалдары прокуратураға берілді - Ұлттық банк басшысы

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты іс материалдары прокуратураға берілді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бұл мәселе қазір құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас аясына өтті, яғни, материалдар прокуратураға берілгендіктен, бұл - тергеудің мәселесіне айналды, ал оларға тағылған айыптардың тергеу барысында қаншалықты дәлелденетіндігі, адамдардың айыпты немесе айыпсыздығы сотпен анықталады", - деді ол.

"Оқиға өрби түсуде. Менің білуімше, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің "Альянс Банктің" бұрынғы басшылығына таққан айыптары ауыр. Және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі бұл оқиғаның олардың Еуразиялық банктегі қызметіне ешбір қатысы жоқ екендігін және осы жөнінде қандай да бір адасушылықтың болмауы қажет екенін жазғаны дұрыс болды", - деді Г. Марченко.

Еске сала кетейік, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі "Еуразиялық банк" АҚ басқармаларының төрағасы Жомарт Ертаев пен оның орынбасары Алексей Агеевті қызметтен босатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны