25.02.2013, 17:49 3374

Алма өндiрiсi "Агробизнес-2020" бағдарламасына енгiзiлмек

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Алма өндiрiсi "Агробизнес-2020" бағдарламасына енгiзiлмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Отандық алма өндiрiсi тұтыну мөлшерiнiң 50%-ын құрайды, ал қалған бөлiгiн бiз сырттан әкелуге мәжбүрмiз. Ерте пiсетiн көкөнiстер мен жемiстер сырттан әкелiнедi. Бұл ретте бiздiң отандық өндiрiстің көрсеткiшi төмен екендiгiн атап өткен жөн. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Алматы облысында алманың орташа өнiмдiлiгi гектарынан 5 тоннаны құраса, қытайлық өндiрушiлер орташа есеппен 45 тонна өнiм алады", - дедi А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, қытайлық өндiрушiлермен бәсекеге түсу мүмкiн емес.

"Бұл ретте өндiрiс тиiмділiгiн арттырып, оған ғылымды қосып, өзiмiздiң жаңа сұрыптарымызды таратуымыз қажет. Инвестицияларды ынталандыру, тамшылатып суару, жоғары технологиялық бау-бақшалар - мұның барлығын бiз қарастырып отырмыз. Жалпы алғанда, алма бойынша импорт көлемiн ескергенде, бiздiң экспортқа шығу мүмкiндiгiмiз бар. Бiз "Агробизнес-2020" бағдарламасында алмалар бойынша жеке жоспар құруды көздеп отырмыз", - деп толықтырды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны