26.07.2011, 15:19 3512

Алматы 2011 жылы 1 трлн теңге салық жинауды жоспарлап отыр

"Қаламыздағы тұрақтылық - бірінші кезекте, экономиканың, табыстардың өсімі мен жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы. Қаламызда түскен табыстың артқаны байқалып отыр. Біз биылғы жылы салық түріндегі 1 трлн теңгені жинау міндетін қойдық", - деді А. Есімов 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және екінші жартыжылдықтағы негізгі міндеттер бойынша өткен отырыс барысында.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласы 2011 жылы 1 трлн теңге салық жинауды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді қала әкімі Ахметжан Есімов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қаламыздағы тұрақтылық - бірінші кезекте, экономиканың, табыстардың өсімі мен жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы. Қаламызда түскен табыстың артқаны байқалып отыр. Біз биылғы жылы салық түріндегі 1 трлн теңгені жинау міндетін қойдық", - деді А. Есімов 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және екінші жартыжылдықтағы негізгі міндеттер бойынша өткен отырыс барысында.

Икімнің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бюджетке бірінші жартыжылдықта салық және басқа да міндетті түсімдер түріндегі 446,7 млрд теңге түсіп, болжам 105,0% орындалған. Республикалық бюджетке 346,8 млрд теңге түскен. Жергілікті бюджетке болжам 107 пайызға орындалып, 99,9 млрд теңге түсті.

"Соңғы рет нақтыланғаннан кейін нақты бюджет 262,1 млрд теңгені құрады. Бұл әлеуметтік сала нысандарына 6,2 млрд теңгеге толық жөндеу жүргізуге мүмкіндік берді. Ол 2010 жылмен салыстырғанда 60 пайызға орындалды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны