11.05.2007, 17:07 2834

Алматы аймақтық қаржы орталығы Гонконг жағымен Қазақстанға және Қазақстаннан Гонконгіге инвестиция салу үшін қор құру туралы келіссөздер жүргізуде

АЛМАТЫ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Алматы аймақтық қаржы орталығы Гонконг жағымен Қазақстанға және Қазақстаннан Гонконгіге инвестиция салу үшін қор құру туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін Алматы аймақтық қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Гонконг жағымен Қазақстанға және Қазақстаннан Гонконгіге инвестиция салу үшін қор құру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз",- деді Е.Арыстанов. "Қазір біз көзқарастарды дәйектеу үстіндеміз. Бұл мемлекет пен жеке меншік бірлескен қор болуы мүмкін",- деді ол.

"Біз қорды 2008-жылы құруға ниеттеніп отырмыз. Қазақстан жағынан "Қазына", ал Гонконг жағынан - жеке меншік ірі банктер мен инвестициялық қорлар қатысуы ықтимал",- деді Е.Арыстанов. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты келіссөздер екі айдан бері жүргізіліп жатыр. "Біз қазір нобайларды талқылап жатырмыз. Ең бастысы - олар жағынан қызығушылық бар",- деді Е.Арыстанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны