19.06.2009, 13:57 2991

Алматы әкімі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жобаларына сын айтты

Алматы әкімі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жобаларына сын айтты

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі кеше қала әкімдігінде өткен кәсіпкерлікті дамыту мен экономиканы индустриализациялау туралы кеңесте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жобаларына сын айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Қазіргі кезде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Қазақстанды индустрияландыру картасы" жобасының паспортын жасаған болатын. Мұнда нақтылы жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған.

"Ирине, идея орынды. Бірақ ол қалай жүзеге асады, бір орында тұралап қалмайма. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан мұндай идеялар жиі көтеріледі. Кластерлік бағдарлама, 30 корпоративтік көшбасшылар, үдемелі жоспарлар-экономика локомивтері. Қазір солар қайда? Соның тым болмаса біреуі орындалып, экономиканы алға тартты ма? Карта базасына енген кәсіпкер қандай жеңілдіктерге қол жеткізе алады, бұл істің бизнестегі жанға берер пайдасы қандай? Істе нақтылық қажет", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Аталған министрліктің өкілі Жанар Тайжанова кеңеске қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асатын инвестициялық жобалардың веб-порталдарымен таныстырды. Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Индустрия және сауда министрліктерінің веб-порталдарында "Қазақстанды индустрияландыру картасының" негізгі жобалар енген. Осы картаны басшылыққа ала отырып Қазақстанның 2014 жылға дейінгі инновациялық-индустриалық даму кезеңі мен бесжылдық жоспар жасалатын болады. Ол Қазақстанның 2020 дейінгі даму бағытының негізін құрайды.

Қала әкімі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өкілдерінің назарын кәсіпкерлікті дамытуға аударды. Ол осы жобаға қатысушыларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетініне, оның жүзеге асу мерзіміне, идея жүзінде қалып қоймайтындынға баса назар аударды.

Икім Алматыда жалпы құны 1, 57 трлн теңге болатын 188 жоба бар өтініштер портфелінің жасалғанын жеткізді.

Қала әкімі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "Қазақстанды индустрияландыру картасында" отандық кәсіпкердің мүддесіне ден қоюды, жоба тізімін жасаған кезде кіші және орта бизнес субьектілерімен қоян- қолтық жұмыс істеу қажеттігін ұсынды.

Икімдіктің хабарлауынша, сондай-ақ, кеңесте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Бахытжан Сапиев кеңеске қатысушыларға қаладағы кіші және орта бизнестің жайын әңгімелеп берді.

2009 жылдың 1 маусымына дейін қала бюджетіне кіші және орта бизнес субьектілерінен 119,0 млрд теңге ақша түскен, немесе бұл - барлық салықтың 58,7%. Мемлекет тарапынан экономиканы тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар жүзеге асуда. Соның бірі - тұрақтандыру бағдарламасы. Оның 3 траншы жүзеге асты. Алғашқы екі транш бойынша республика бойынша 98,8 млрд теңге бөлінген болатын. Қала кәсіпкерлері оның 35,2 млрд. теңгесін игерді. Оның тиімділігі - 21%. Екінші траншты орындау барысында нақтылы істер атқарылды. Несие алушының пайыздық көрсеткіші 12,5%-ге төмендеді.

Қазіргі кезде үшінші транш жүзеге асуда. Оның қалаға бөлінгені - 46,5 млрд теңге. Ол 416 несиегерге беріліп, бұл соманың 43,1 млрд тенгесі игерілді. Сараптама несие алған шағын және орта бизнес субьектілерінің жағдайы тұрақтанғандығын көрсетеді.

Бұдан өзге қалалық бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жалпы құны 99 млрд тенге болатын 1 257 конкурс өткізілген. Оның - 61 млрд тенгесі жергілікті бюджеттікі, ал - 38 млрд тенгесі республикалық бюджеттен. Бүгінгі күнге дейін құны 71 млрд теңге болатын 728 конкурс өтті.

"Самрұқ - Қазына" ұлттық қорына кіретін 8 ұлттық компаниялар жалпы құны 180 млрд теңге болатын контракт жасады.

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мораторий алынады. Б. Сапиев өз сөзінде пайдаланыстағы бизнеске мемлекеттік бақылаудың жауапкершілігі жоғары кәсіпкерге кері, ал жауапсыз кәсіпкерге оң ықпалын тигізіп отырғандығын айтты. Қазіргі кезде мәжілістің қарауына "Мемлекеттік бақылау мен тексеру" жөніндегі заң жобасы ұсынылған. Ол күшіне енген кезде кіші және орта бизестің, жалпы кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігі артатын болады. 1 шілдеде мораторий алынып тасталған соң мемлекеттік тексеруші органдар өз жұмыстарын қайта қараулары тиіс.

Қала әкімі өз сөзінде мораторийден соң барлық тексерулер тек заң аясында, қала әкімдігінің жанындағы Іскерлік кеңестің қатысуымен жүретіндігін айтты.

"Біздің міндетіміз - жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Тексеруді заңсыз жүргізетін мемлекеттік органдардың іс- әрекетіне тойтарыс беру. Ал бизнеске менің қоятын талабым біреу - салық төлеңіздер", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны