23.12.2017, 16:05 5322

Алматы әкімі Индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымы құрылысыныӊ барысымен танысты

Компанияныӊ бас директоры Мұрат Рахымжанов алғашқы өндірістік желініӊ жылына 75 мыӊнан астам картридждер шығаратынын, 2019 жылға дейін өндіріс көлемін екі есеге аттрыуды жоспарлап отырғандықтарын айтты.

Алматы. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта болды, мұнда бүгінгі күні құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ, жеӊіл өнеркәсіп салалары бойынша 40 ірі отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда.

Индустриялық аймақты аралаған Бауыржан Байбек "ALATAU" сауда маркасы бар картридждер мен күн батареяларын шығаратын жаӊа өндіріс орнымен танысты.

Компанияныӊ бас директоры Мұрат Рахымжанов алғашқы өндірістік желініӊ жылына 75 мыӊнан астам картридждер шығаратынын, 2019 жылға дейін өндіріс көлемін екі есеге аттрыуды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді, алайда өндіріс қуаты артқан кезде жаӊа жұмыс орны екі есе өсетін болады. Өнім ассортименті "ALATAU" картридждерініӊ 150-ден астам моделін құрайды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша мегаполиске қосылған елді мекендерде барлық жағдайлар жасалуда. Алатау және Наурызбай аудандары орталықтандырылған қағидасы бойынша дамуда және өздіктерінен өркендеу үстінде. Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ кәсіпкерлікке қолдау көресту мақсатында құрылған, еӊ алдымен Алматыныӊ әлеуетті өндіріс орындарын дамытуға бағытталған. Мұнда бірінші кезекте қаланыӊ тұрғылықты жерлеріндегі өндіріс орындарын осы аймаққа көшіретін инвестициялық жобаларға, импортты алмастыра алатын технологиялық, иновациялық өнімдер шығаруға жете назар аударылады. Кәсіпорындардыӊ ашылуы Алатау ауданында жаӊа жұмыс орындарыныӊ пайда болуына кеӊ жол ашады", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында кабель желілерін шығаратын ресейлік "КМК Investment" зауытыныӊ, үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын қытайлық "Asia Steel Pipe Company" зауытыныӊ, инженерлік жүйе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жапондық жаӊа "Tokyo Rope Almaty" зауытыныӊ құрылысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны