31.05.2010, 13:15 7344

Алматы әкімі ""ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ын қаланы түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде салғырттық танытып отырғандығы үшін сынады

Алматы әкімі ""ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ын қаланы түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде салғырттық танытып отырғандығы үшін сынады

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі ""ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ын қаланы түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде салғырттық танытып отырғандығы үшін сынады , деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы "Алматы маңында 2010-2014 жылдары ауыл шаруашылық белдеуін дамыту бағдарламасы" бойынша белдеуін дамыту барысына қатысты "КазАгро" холдингіне сын айтты.

Алматы әкімі ""ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ын қаланы түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде салғырттық танытып отырғандығы үшін сынады. Ол облыстың Алматыны негізгі 4 өніммен жабдықтап отырғандығын айтты, олар: құс еті, жұмыртқа, пияз және қант. Алайда 13 өнім түрімен қамтамасыз ету қанағаттанғысыз. Олар: сүт, сүт өнімдері, сиыр, қой, жылқы, шошқа еттері, капуста, картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, алма, қызылша. Бұлармен қамтамасыз ету - 15 - 90 %. Осы мәселені шешуде қандай нақтылы істер жүзеге асты.

"Кезінде мемлекет басшысы холдингтің міндеттерін нақтылап берген және әңгіме Астана мен Алматы қалаларын қажетті азық- түлік өнімдерімен қамтамасыз ету туралы өрбіген болатын. Осы ретте "КазАгро" мен оның институттары Алматыны тиісті өнімдермен қамтамасыз ету барысында нақтылы қандай шараларды жүзеге асырды?" - деді Ахметжан Есімов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Астана" алаңында кеше Алматы маңында ауыл шаруашылық өнімдерінің белдеуін құруға қатысты меморандумды жүзеге асыруға байланысты кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып өтті. Оны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев аралап көрді.

Жәрмеңкеге мал және ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды, олардың бағасы нарықтағыдан 15-20 %-ға төмен, мұнда Алматы, Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Алматы облысының аудандары және "Жетісу" ИКК өз тауарларын ұсынды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов бірлесіп атқарған іс оң нәтижесін беріп отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, қала басшысы Алматыда инфляция деңгейінің төмендігін жеткізді. Мегаполис тұрғындары ауылдықтарға арзан бағамен өнім сатқандықтары үшін ризашылықтарын білдіреді. Мұнда өнім сатушылар жал төлемінсіз сауда- саттық жасай береді.

Соңыра Алматы қаласының, Алматы облсының әкімдері мен Ауыл шаруашылық министрі "Алматы маңында 2010 -2014 жылдары ауыл шаруашылық белдеуін дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Кеңес барысында Алматы облысында өсірілетін ауыл шаурашылық өнімдерінің қалада тұтынылу барысына жан- жақты сараптама жасалды. Алматыда өндірілетін негізгі өнім түрлерінің деңгейі де нақтылы сөз болды. Сусындарды қоса есептегенде Алматыда тамақ өнімдерін өндіру 2009 жылы 124,2 млрд теңгені құрады немесе жалпы қаладағы ауқымның 36,4%-ын құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда тамақ өнеркәсібімен айналысатын 182 кәсіпорын бар. Олардың 37 - і ірі және орта кәсіпорындар. Қала кәсіпорындары шұжыққа, сарымай мен өсімдік майына деген сұранысты толық қанағаттандырып келеді. Ал өңделген сүтпен қамтамасыз ету - 22%, айран өнімдерімен қамтамасыз ету - 58%, ірімшікпен және сүзбемен қамтамасыз ету - 21%, жарма, ұнмен қамтамасыз ету - 51%. Жидек және көкөніспен қамтамасыз ету деңгейі қалада орташа есеппен - 2-10 %.

Кеңеске қатысушылар жоғарыда аталған бағдарламаны толық қуаттады, екі жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, осы істі одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Қала басшысы 5- жылдық бағдарламаның өте маңызды екендігіне, үлкен мегаполис пен Алматы облысы үшін оның өте зор мәнге ие екендігіне айрықша тоқталды. Ол сонымен қатар бағдарламаны қаржылай қолдау мәселесін де атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны