27.01.2009, 15:01 1572

Алматы әкімі Қазақстан үкіметінен қаржылық ұйымдардың акционері және құрылтайшысы болу өкілеттілігін әкімдікке беруді сұрады

Алматы әкімі Қазақстан үкіметінен қаржылық ұйымдардың акционері және құрылтайшысы болу өкілеттілігін әкімдікке беруді сұрады

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан үкіметінен қаржылық ұйымдардың акционері және құрылтайшысы болу өкілеттілігін әкімдікке беруді сұрады. Икім осы жайлы бүгін өткен үкіметтің отырысында өтінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматының айрықша мәртебесі туралы заңға және басқа да заңнамаға өзгерістер енгізу аясында республика үкіметімен келісе отырып, әкімдікке қаржылық ұйымдардың, соның ішінде банктер мен сақтандыру ұйымдарының да акционері және құрылтайшысы болу өкілеттілігін беру мүмкіндігін қарастыруды сұраймын", - деді Алматы әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны