15.11.2012, 12:35 3212

Алматы әкімі ҚР 9 банкімен іскерлік байланыс орнату туралы меморандумға қол қойды

Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби меркесі және Ұлттық валюта күні қарсаңында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов еліміздің екінші деңгейлі жетекші банктерінің бірінші басшыларымен кездескен.

Алматы. 15-қараша. Kazakhstan Today - Алматы әкімі ҚР 9 банкімен іскерлік байланыс орнату туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби меркесі және Ұлттық валюта күні қарсаңында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов еліміздің екінші деңгейлі жетекші банктерінің бірінші басшыларымен кездескен.

Кездесу барысында Алматы қаласының әкімі 9 банкпен ( "Казкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ, "БТА банк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Сбербанк России" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "Kaspi bank" АҚ, "Темирбанк" АҚ) іскерлік байланыс жасау жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Меморандумда мемлекет және жеке серіктестік аясында экономиканы, құрылысты, инфрақұрылымды, сауда мен кіші және орта бизнесті, транспорт пен мәдениетті қаржыландыру қарастырылған. "Казкоммерцбанк АҚ"-дан басқа қол қойылған құжаттар рамалық сипатқа ие.

Құжаттарға қол қою барысында "Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясы" кеңесінің төрағасы Серік Аханов бұл шараның үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

"Тұңғыш рет билік пен бизнес біздің қаламыздың экономикалық- әлеуметтік мәселелерін шешу үшін мемлекет және жеке серіктестік аясында кездесіп отыр. Қазақстан банктері өз капиталдарының 80%-ын Алматыда ұстайды. Бір жыл 8 ай ішінде біз қала экономикасына 1 млрд. доллар құйдық",- деді С. Аханов.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың тамыз айында Алматы әкімдігі мен Казкоммерцбанкі арасында мемлекет және жеке серіктестік аясында Меморандумға қол қойылған болатын. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым, кіші және орта бизнесті дамыту барысындағы бағдарламалар жүзеге асып, бұларға жалпы көлемі 159 млрд. теңге бөлінді, оның қазірдің өзінде 60 млрд. игерілді. Меморандум ясында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Тағы да қосымша 4,5 мың жұмыс орны ашылмақ. Казкоммерцбанк Алматыда өткен түрлі шаралардың демеушісі де болды. Спектакльдер мен концерттерден түскен қаржы ауру балаларды емдеуге жұмсалды. Банк тіпті ардагерлерді қолдауға, ДЦП-мен ауыратын балаларды емдеуге,Медеу шатқалындағы залалдарды жоюға да демеушілік көрсетті.

Казкоммерцбанк өкілдері қала әкімдігімен 2013-2014 жылдары да бірлесіп жұмыс істеуге, Алатау ауданын, Алматы мен оған қосылған аймақтарды дамытуға, ескі үйлерді жөндеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға қаржылық көмек беруге дайын екендіктерін білдірді.

Банкирлер алдында сөйлеген қала басшысы Алматының Қазақстанның барлық қаржы ұйымдары мен институттары шоғырланған орталық екендігін айтты. Мегаполисте екінші деңгейлі 32 банк, 30 қамсыздандыру компаниясы, 10 зейнеткерлік қор орналасқан.

Еліміздің Ұлттық банкі, Қазақстанның биржа қоры, Қаржыгерлер Ассоциациясы да Алматыда жұмыс істейді. Банктер жағдайларының тұрақтылығы экономикаға несие бөлу көлемін арттыруда. Егер 2011 жылы несие бөлу 37,2% болса, үстіміздегі жылдың 9 айында 23,1%-ды құрады.

Қала әкімі Үкімет пен Алматы қаласының нақтылы бағдарламалары арқасында қаржы дағдарысынан қиналмай өтіп, экономиканың барлық саласында өсімге қол жетті деді. Егер 2008 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 330 млрд. теңге болса, 2011 жылы 450 млрд. теңгені құрады. Өсім - 36%.

Кіші және орта бизнес те қарқынды дамып келеді. Қазіргі кезде Алматыда 80 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Мегаполис республика қазынасына салық түсімінің 25% -ын құяды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы мемлекеттік бюджетке 1 трлн. теңгеден астам салық пен басқа да төлемдер қаржысын құйды. Биыл 100 млрд.-қа көп құю көзделуде. Тұрғын үй құрылысының көлемі артуда. Соңғы үш жыл ішінде 1 млн. шаршы метр үй артық салынуда.

Қала басшысы қаржыгерлерді қызықтыратын түрлі бағдарламалардың пайда болғандығын да айтты.

"Мен біздің қала үшін коммуникация ең актуальды мәселе болып қала береді деп ойлаймын. Біз көлік инфрақұрылымын дамытудамыз, жеңіл рельсті көлікті қолға алудамыз. Осы бағытта банктермен қоян- қолтық араласып, жұмыс істейтіндігімізге сенімдімін. Бұдан өзге біз Алатау индустриалды аймағын құру, тау шаңғысы туризмін дамыту сияқты қаржы секторын қызықтыратын болашақ бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісіп кеттік",- деп атап өтті Ахметжан Есімов

Икім банкилердің назарын коммерциялық жобаларды ғана емес, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, меценаттықты дамытуға да аударды. Балалар үйі, ауруханалар, парктер мен скверлер де қосымша қаржыны қажет ететіндігін де жеткізді.

Сөзінің соңында Ахметжан Есімов қаланың қаржы секторындағы 42 мыңнан астам мамандарды кәсіби мерекелерімен және Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны