06.04.2017, 13:59 3125

Алматы әкімі Швейцария өкілдерімен кездесуде ТҚҚ қайта өӊдеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады

"Біз ТҚҚ-ды қайта өӊдеу, электрэнергиясы жүйесініӊ тиімділігін арттыру және бірқатар мәдени- туристік бағыттағы нақтылы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін келдік. Өзара ынтымақтастық ауқымын едәуір кеӊейте аламыз деп ойлаймын", - деді М.Пассалия.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек құрамында Тичино кантоны Сауда- өнеркәсіптік палатасы директорыныӊ орынбасары Марко Пассалия, Axion Swiss басқарма төрағасыныӊ орынбасары Bank Альберто Лотти, Enet Energy SA компаниясыныӊ басшысы Баруджия Матийа, сонымен қатар ҚР-дағы осы елдіӊ Төтенше және өкілетті Елшісі Урс Шмид бар Швейцария делегациясымен кездесті.

Тараптар сауда -экономи калық және мәдени байланыстар туралы әӊімелесті. Марко Пассалия өзініӊ сөзінде өткен жылдыӊ мамыр айында Алматы мен Лугано арасындағы Меморандумға қол қоюдыӊ өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайта түскенін айтты.

"Біз ТҚҚ-ды қайта өӊдеу, электрэнергиясы жүйесініӊ тиімділігін арттыру және бірқатар мәдени- туристік бағыттағы нақтылы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін келдік. Өзара ынтымақтастық ауқымын едәуір кеӊейте аламыз деп ойлаймын", - деді М.Пассалия.

Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Швейцарияныӊ бірнеше энергетикалық компаниялары қатысатындығын жеткізді.

"Жалпы, бұл біз үшін маӊызды қадам әрі Алматы бойынша бірқатар жобаларды талқылауға кеӊ мүмкіндік ашады", - деп атап өтті Тичино кантоны Сауда- өнеркәсіптік палатасы директорыныӊ орынбасары.

Швейцария делегациясын қабылдау барысында Индустриалды аймақ пен "ИТП"АЭА- да шетелдік компаниялардыӊ өндірістік әлеуетін көтеретін мүмкіндіктердіӊ бәрі жасалғандығы айтылды. Мегаполис әкімі швейцарлық туристік компанияларды 19-21 сәуір аралығында Алматыда өтетін "Туризм және сапар" деп аталатын KITF халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, Елбасы өз жолдауында инвестиция тартуға, атап айтқанда, күрделі инвестициялар, сондай-ақ, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тартуға баса назар аударылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны