12.12.2013, 18:45 4106

"Алматы - Байсерке - Талғар" газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Магистралды газ құбырының құрылысы екі кезең бойынша жүргізіліп жатыр, бірінші кезеңге 2,7 млрд теңге бөлініп, қаржы толығымен әрі уақытылы игерілді. Қазірдің өзінде 33 шақырым газ құбыры салынған.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. "Алматы - Байсерке - Талғар" магистралды газ құбыры құрылысының соңғы кезеңі аяқталып қалды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың мәліметінше, магистралды газ құбырының құрылысы екі кезең бойынша жүргізіліп жатыр, бірінші кезеңге 2,7 млрд теңге бөлініп, қаржы толығымен әрі уақытылы игерілді. Қазірдің өзінде 33 шақырым газ құбыры салынған.

Екінші кезеңде бөлінген қаржының 95%-ы игерілді. Магистралдердің барлық желілік бөлігі салынып, автоматты газ тарату қондырғыларымен жарақтандырылды.

Амандық Баталов газ құбыры нысандарына тезірек электр жарығын беріп, жүйелерді, тораптар мен механизмдерді тестілеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты тұлғаларға газ тарату станцияларын толық метрологиялық тексерістен және аттестациядан өткізуді тапсырды.

Жобаның жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайды, ал ұзындығы 64 шақырымнан асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны