13.04.2010, 18:12 3098

Алматы басшылығы жолдарды сапасыз жөндеген мердігерлерді жауапкершілікке тартпақ ниетте

Алматы басшылығы жолдарды сапасыз жөндеген мердігерлерді жауапкершілікке тартпақ ниетте

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы басшылығы өткен жылы жолдарды сапасыз жөндеген мердігерлерді жауапкершілікке тартпақ ниетте. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кеше қалалық мәслихаттың XXVII-ші сессииясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен жылы біз 386 шақырым жолдарды жөндедік. Мұндай көлем бұрын-соңды жасалмаған. Енді комиссия құрып, тексеретін боламыз. Егер олар биылдың өзінде қандайбір жөндеуді талап етіп жатса, онда өзім шара қолданамын деп уәде беремін", - деді Ахметжан Есімов депутаттардың мәлімдемелеріне орай берген жауабында.

Осыған байланысты ол депутаттарға былтыр жөнделген барлық 386 шақырым жолдың жағдайын тексеретін жұмыс тобын құруды ұсынды. Сессияда әр депутат өзі сайланған округінде тексеру жүргізеді деген шешім қабылданды.

"Егер жол былтыр салынып, немесе жөнделіп, биыл істен шыққан болса - онда, мәселенің нақты мән-жайын анықтауымыз керек", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны