25.12.2017, 18:09 4874

Алматы бизнесі кепілді мемлекеттік тапсырыс алады

Өткен жылғы акцияныӊ қорытындылары бойынша алматылық кәсіпорындар 809 млрд. теӊгеге 12 мыӊнан астам келісімшарттар жасасты. Иубәкіровтіӊ айтуынша келісімшарттардыӊ бір бөлігі ұзақ мерзімді болып табылады және олар 2019 жылға дейін қолданыста болады.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы қаласыныӊ аудан әкімдіктері мен қала кәсіпорындарыныӊ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Атап айтқанда, жиһаз өндірісі, жол жабдықтары, картридж өндірісі бойынша компаниялар өнімді 2018 жылдыӊ соӊына дейін жеткізеді. Бұл туралы жыл сайынғы "Мемлекеттік тапсырыс 2018" акциясыныӊ шеӊберінде өткен кеӊес барысында белгілі болды.

"Біз өзіміздіӊ жергілікті кәсіпорындарды тапсырыстармен және өндірістік қуаттардыӊ толық көлемімен қамтамасыз етеміз. Бұдан басқа, акция зауыттар мен фабрикаларға жаӊа өндірістік желілерді кеӊейтуге және құруға, қала бюджетіне түсетін салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ өӊдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялардыӊ өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық -инновациялық даму басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ғанибет Иубәкіров.

2009 жылмен салыстырғанда, алғашқы "Мемлекеттік тапсырыс" акциясы өткізілген кезде, өӊдеу өнеркәсібініӊ өсуі 250 млрд. теӊгеден 809 млрд. теӊгеге дейін 123%-ды құрады.

Спикер акцияныӊ 11-ші рет өткізіліп отырғанын және оӊ нәтижелерініӊ барын атап өтті. Өткен жылғы акцияныӊ қорытындылары бойынша алматылық кәсіпорындар 809 млрд. теӊгеге 12 мыӊнан астам келісімшарттар жасасты. Иубәкіровтіӊ айтуынша келісімшарттардыӊ бір бөлігі ұзақ мерзімді болып табылады және олар 2019 жылға дейін қолданыста болады.

"Мемлекеттік тапсырыс 2018" акциясыныӊ Алматы қаласыныӊ мемлекеттік органдарыныӊ, ұлттық компанияларыныӊ және кәсіпорындарыныӊ сатып алуларындағы қазақстандық қамтудыӊ үлесін арттыруға бағытталғанын атап өтеміз,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық -инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны