06.05.2011, 15:00 3905

Алматы бюджеті 7,1 млрд теңгеге өсетін болады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының нақтыланған бюджеті 2011 жылы 301 млрд. 969 миллион 744 мың теңгені құрайтын болады, ал қаланың қазіргі бюджеті 253 миллиард 329 миллион 835 мың теңгені құрап отыр.

Алматы. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматы бюджеті 7,1 млрд теңгеге өсетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Алматы қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының нақтыланған бюджеті 2011 жылы 301 млрд. 969 миллион 744 мың теңгені құрайтын болады, ал қаланың қазіргі бюджеті 253 миллиард 329 миллион 835 мың теңгені құрап отыр.

"Алдағы уақытта білімге, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, энергетика мен коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, сонымен қатар құрылыс және табиғатты пайдалануды реттеу саласына шығындарды ұлғайту жоспарлануда. Білім саласына қаражаттар балабақшалар мен білім мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталатын болады. Денсаулық саласына қаражаттар "Саламатты Қазақстан - 2011" бағдарламасын іске асыруға, медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалады. Илеуметтік сала бойынша қаржылар - Оңалту және бейімдеу орталықтарына төрт қосымша бөлімшелерді ашуға, ауған және ҰОС ардагерлеріне біржолғы көмек беруге жұмсалмақ. Құрылыс саласына - ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысын дамытуға, жер үйлерге газ тартуға, су құбырларын қайта жөндеуге және т.б. жұмыстарға жаратылмақ, ал көлік инфрақұрылымына қаражаттар шығыс айналма жолына жерасты құрылыстарын жүргізуге, жол жөндеуге, метро құрылысына бөлінетін болады",-деді Сардар Қабдолов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны