17.07.2018, 20:26 16244

Алматы бюджетіне 2018 жылдыӊ 6 айында жер учаскелерін сатудан және жалдаудан 480 млн теӊгеден астам сома түсті

2018 жылдыӊ 6 айында барлығы 1,5 млрд.теӊге бюджетке түсті, оныӊ ішінде жер учаскелерін (303101 коды бойынша) сатудан - 253,6 млн. теӊге; 34 жер учаскесініӊ нысаналы мақсатын өзгергендігі үшін төлем бойынша - 1 млрд. 46 мыӊ теӊге; жер учаскелерініӊ жалдау құқығын сатып алудан (303202 коды бойынша) - 231,4 млн.теӊге сомасы түскен.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Алматы бюджетіне 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында жер учаскелерін сатудан және жер учаскелерініӊ жалдау құқығын сатып алудан 480 млн теӊгеден астам сома түсті.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Алтынбек Жанатұлы Ахметовтыӊ қатысуымен "Алматы қаласы бойынша қолда бар жер қорын сараптау және оныӊ нәтижелері туралы" тақырыбында баспасөз конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алтынбек Ахметовтыӊ мәліметінше, 2017 жылы Жер комиссиясыныӊ 46 отырысы өткізілген. Онда жер учаскелерін беру туралы жеке және заӊды тұлғалардыӊ 7 432 өтініші қарастырылса, оныӊ 5 322-сі (71,6%) қанағаттандырылған, ал қалған 2 110-ы (28,4 %) бойынша жер заӊнамаларыныӊ нормаларына сәйкес нақты бас тарту себептері көрсетіле отырып, оларды қанағаттандырудан бас тартылған.

Сонымен қатар, әкімдіктіӊ 2 745 қаулысы дайындалған және қабылданған, оныӊ ішінде 2 557 қаулы құқық беру, жеке меншікке сату, нысаналы мақсатын өзгерту туралы және 188 қаулы құқық беруден бас тарту, өзгеріс енгізу немесе жер пайдалану құқығын тоқтату туралы қаулылар.

2018 жылдыӊ 1-ші жарты жылдығында Жер комиссиясыныӊ 19 отырысында жалпы 5 103 материал қаралған, оныӊ ішінде 4158-і (81,5 %) қанағаттандырылған, 945-іне (18,5 %) бас тартылған.

Ахметовтыӊ айтуынша, жер учаскелерін және жалға беру құқығын сатудан қала бюджетіне түсетін түсімдерге бақылау күшейтілген, Алматы қаласы әкімдігініӊ қаулылары бойынша қарыздарды төлету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма әкімдіктіӊ атынан 4 301 шарт жасаған, оныӊ ішінде жер учаскелерді сатып-алу бойынша - 190; уақытша жер пайдалану құқығын беру (жалға алу) бойынша - 3 818; жер учаскелерініӊ жалдау құқығын сатып-алу бойынша - 222 шарт жасалды. 71 - уақытша жер пайдалану құқығын беру (жалға алу) бойынша шарттарға қосымша келісімдер жасалынды.

2018 жылдыӊ 6 айында барлығы 1,5 млрд.теӊге бюджетке түсті, оныӊ ішінде жер учаскелерін (303101 коды бойынша) сатудан - 253,6 млн. теӊге; 34 жер учаскесініӊ нысаналы мақсатын өзгергендігі үшін төлем бойынша - 1 млрд. 46 мыӊ теӊге; жер учаскелерініӊ жалдау құқығын сатып алудан (303202 коды бойынша) - 231,4 млн.теӊге сомасы түскен.

Барлық бағдарлама әкімгерлерініӊ жұмысын және қаланыӊ маӊызды инвестициялық жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде Жер қатынастары басқармасыныӊ атқаратын маӊызды қызметтерініӊ бірі - мемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қоюболып табылады.

2015 жылға дейінмемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қоюшараларын бағдарлама әкімгерлерідербес жүргізген.

Бұл функцияларды Басқарма тек соӊғы 3 жылдыӊ ішінде ғана атқарып келеді.

2015-2016 жылдары мемлекет мұқтажы үшін жалпы сомасы 7,8 млрд. теӊгеге144 жер учаскесі сатып алынған, сондай-ақ 2017 жылы 12 млрд. теӊгеге 221 жер учаскесі сатып алынған.

Осылайша, былтыр сатып алынған жер учаскелерініӊ саны, 2015-2016 жылдары жүргізілген жұмыс көлемінен1,5 есеге асып түсті.

2017 жылы 30 нысан бойынша жұмыстар басталып, оныӊ ішінде 22 нысан бойынша жұмыстар аяқталған.

Ағымдағы жылы Басқармада 22 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде, оныӊ ішінде 8 нысан былтырдан келе жатқан нысандар (переходящие объекты).

Ағымдағы жылы 140 жер учаскесін сатып алу жоспарланып отыр, оған республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 6,1 млрд.теӊге бөлінген (13,2 млрд.теӊге - республикалық бюджеттен және 1,5 млрд.теӊге - жергілікті бюджеттен).

Осы бағытта тұрақты және жүйелі түрде жұмыс жүргізудіӊ нәтижесінде Басқарма бүгінгі таӊда 109 жер учскесін бөлінген қаражаттар есебінен жалпы сомасы 4,1 млрд.теӊгеге сатып алды.

2,0 млрд.теӊге сомадағы қалған қаражат ағымдағы жылы толығымен игерілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны