05.08.2011, 12:12 3298

Алматы фармацевтика фабрикасында GMP стандарттары енгізілді

2014 жылға қарай елімізде тұтынылатын дәрі-дәрмектің 50 пайызы өзімізде өндірілуі керек. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының фармацевтикалық және медицина өнеркәсібіне қойған талабы осындай.

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы фармацевтика фабрикасында GMP стандарттары енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2014 жылға қарай елімізде тұтынылатын дәрі-дәрмектің 50 пайызы өзімізде өндірілуі керек. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының фармацевтикалық және медицина өнеркәсібіне қойған талабы осындай. Сол уақытқа дейін елдегі дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындардың барлығында халықаралық GMP стандарттары енгізілуі шарт. Осындай алғашқы сертификатты Алматы фармацевтика фабрикасы алып отыр, деп хабарлады "Хабар" телеарнасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны