27.12.2017, 21:20 5509

Алматы Индустриялық аймағында құрғақ құрылыс қоспаларын бумалауға арналған қағаз қаптарын өндіру зауыты іске қосылды

Құны 400 млн.-нан астам тұратын зауыт жылына шамамен 6 млн. қағаз қаптарын шығаратын болады.

Алматы. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы Индустриялық аймағында "Almapack Co LTD" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын бумалауға арналған қағаз қаптарын өндіру зауыты іске қосылды. Бұл, есеп бойынша Алматы Индустриялық аймағыныӊ аумағында картридждер мен күн батареяларын шығаратын BRB APK жылыжай кешені мен DOC Co.LTD кәсіпорнынан кейінгі іске қосылған үшінші нысан.

Құны 400 млн.-нан астам тұратын зауыт жылына шамамен 6 млн. қағаз қаптарын шығаратын болады. Бумаға құрылыс қоспалары мен ұлпалар дайындайтын Қазақстанныӊ ірі компанияларыныӊ өнімдері салынып буылады. Almapack өнімніӊ мөлшері мен түрлері бойынша барлығы 300 түрін шығарып отыр. Кәсіпорын өнімді Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарына экспорттауды көздеп отыр.

Компания директоры Ораш Сартаеваныӊ айтуынша, зауыт бұрын қалада орналасқан, сонан соӊ кәсіпорынды Индустриялық аймақ аумағына көшіру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Almapack өзініӊ өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, өнеркәсіп нысандарын көшіру қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ кәсіпорынныӊ өзініӊ шығындарын инфрақұрылымдық ресурстарды жүргізуге, коммуналдық қызметтерге және электр энергиясына шығатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндігі пайда болады. Сонымен бірге, оныӊ жанында магистралды көлік желілері және ұқсас кластерлік сектордағы басқа да түрлі пішімді кәсіпорындар орналасқан.

Бүгінгі күні, 40 компания Индустриялық аймақтыӊ қатысушылары болып табылатынын атап өтеміз, жоспарланған жеке инвестициялардыӊ жалпы сомасы 191,3 млрд. теӊгені құрайды, шамамен 5 мыӊ тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Балмұздақтан бастап, мұнай-газ өнеркәсібі үшін шығарылатын болат құбырларына дейін шығару жоспарланған өнім түрлері көп, деп хабарлайды Алматы қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны