10.02.2010, 13:14 3245

Алматы индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыратын басты түпқазыққа айналуға тиіс - Есімов

Алматы индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыратын басты түпқазыққа айналуға тиіс - Есімов

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыратын басты түпқазыққа айналуға тиіс. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жөніндегі кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2010 жылғы басымдықтарға тоқталған Ахметжан Есімовтың айтуынша, біріншісі - мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауынан туындайтын мақсаттарды шешу. "Жолдауда серпінді индустриялық даму мақсаты алға қойылған. Президент келешектің экономикасының салалары Алматы мен Астанада дамуға тиіс деп атап көрсетті, Қазақстан экономикасын қайта жандандырудың және оның сыртқы қатерлерге бекемдігін көтерудің кілті міне, осыда", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны