31.03.2016, 20:55 7072

Алматы инвесторларды ірі көрме орталығы ретінде қызықтырады

ITECA" ЖШС директоры Юрий Бородихин Алматы қаласы әкімдігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою барысында Алматы Орта Азияныӊ сапалы әрі ірі көрме хабы екендігін айтты

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - "ITECA" ЖШС директоры Юрий Бородихин Алматы қаласы әкімдігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою барысында Алматы Орта Азияныӊ сапалы әрі ірі көрме хабы екендігін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көрме ұйымдастырумен айналысатын "ITECA" компаниясы қол қойылған меморандум аясында Алматыда қазақстандық кәсіпорындар мен ірі халықаралық брендтердіӊ қатысуымен 23 арнайы көрмелер мен конференци ялар ұйымдастырады. Өйткені, мұндай шаралар Алматыныӊ халықаралық танымалдығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырып, отандық кәсіпорындардыӊ экспорттық потенциалын нығайтады, деп хабарлайды www.almaty.gov.kz тілшісі.

"Жүргізілген статистик аға сәйкес қалада қалыптасқан қолайлы жағдайлардыӊ арқасында Алматы ірі шетелдік компаниялар үшін барынша тартымды болуда. Олар - инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және әкімшілік кедергілердіӊ төмен болуы. Сондықтан инвесторлар біз ұйымдастырған көрмелерге жиі келіп, Алматыныӊ мүмкіндіктеріне қызығушылық білдіруде", - деді Ю.Бородихин.

Бұдан өзге, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру мегаполистіӊ туристік потенциалын арттырады. Атап өтерлік жайт, Алматы қаласыныӊ әкімдігі мен "Forum Eurasia" компаниясы арасындағы меморандум аясында Медеу ауданында салынатын сауық- сайран паркі туристерді көп тартатын Орта Азиядағы еӊ ірі орталыққа айналады. Сауық- сайран саябағынан өзге сауда және салтанат кешендері салынады. Осы жобалар 2020 жылы жүзеге асқан кезде бұларда 2000 жуық адам жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, Алматы мен "Tamos Education" компаниясы арасында ынтымақтастық арта түсуде. Компаниямен бірге қол қойылған меморандум аясында Бостандық ауданында білім кешені салынып, оныӊ құрамында 1200 орынды лингвистикалық гимназия, 100 орынды интернат, 1000 орынды физика-математика мектебі, 200 орынды бала бақша және оқушылар мен мұғалімдер үшін жатақхана бой көтереді.

Жасалған меморандумдардыӊ жалпы құны 48 миллиард теӊгеден асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны