11.11.2009, 17:13 9290

Алматы қаласы әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" арасында кәсіпкерлікті дамыту және өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Алматы қаласы әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" арасында кәсіпкерлікті дамыту және өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласы әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" арасында кәсіпкерлікті дамыту және өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 11-қараша күні Алматы қаласы әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" арасында кәсіпкерлікті дамыту және "Бизнес кеңесші" бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум Алматы қаласының кәсіпкерлеріне қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету шаралары арқылы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және экономиканы әртараптандырудағы рөлін күшейту бағытындағы әріптестікке бағытталған.

Меморандумда көзделген шараларды іске асырудың нақты көрінісі ретінде қараша айында Алматы қаласында "Бизнес кеңесші" бағдарламасы іске асырыла бастамақ. Бұл жобаны "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету шараларының шеңберінде әзірлеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және "Нұр Отан" ХДП қолдауымен жүзеге асырады.

Қазақстанның барлық облыс аудандарын қамтитын бағдарламаның басты мақсаты кәсіпкерлер мен өз ісін ашуға ынталы тұрғындарға "Кәсіпкерліктің жеделдетілген курсы" атты 2 күндік ақысыз тренинг-семинарлар өткізу арқылы кәсіпкерліктің экономикамыздағы ролін арттыру.

Оқыту тренигтер өз кәсібін ашу, істі тиімді жүргізу және бизнесті дамытудың қыр-сырын үйрету тақырыбында өткізіледі. Атап айтқанда, істі бастау нұсқалары, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салық пен есептілік тәртібі, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен рецензиялар алудың жолдары мен келісім-шарттар жасасу негіздері, өндіріс құру алғышарттары және жарнамалау мен маркетинг мәселелері үйретіледі. Жеделдетілген-курсты арнайы іріктеп алынған, кәсіби біліктілігі жоғары лектор-тренерлар таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып өткізетін болады.

Сонымен қатар, курс кезінде тыңдаушылар білікті мамандардан кеңес алып, жеке кәсіпті жүргізудің базалық негіздері қамтылған тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Бағдарлама аясында бір жолғы сауаттандыру курстарын барлық өңірлерде өткізу арқылы жұмыс істеп жүрген және кәсіп ашуға ынталы 10 000 аса ел тұрғындарының біліктілігін көтеру көзделіп отыр. Мұнымен қоса, "Бизнес кеңесші" бағдарламасы аймақтардағы кәсіпкерлік қауымдастық пен мемлекет арасында тиімді диалог қалыптастыруға септігін да тигізбек.

"Бизнес кеңесші" бағдарламасы шеңберінде сауалнама өткізіліп, қатысушыларды көбірек қамту арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің өзекті поблемалары жөнінде ақпарат жинайтын Қазақстандағы алғашқы маркетингтік зерттеу жүргізіледі. Зерттеулер нәтижесі елдегі ШОБ-ты кешенді қолдау бойынша мемлекет тарапынан тиімді шешімдер қабылдануына септігін тигізетін ақпараттың нақты бастауы да болмақ.

Бағдарлама нәтижелері қорытындылана келе және ел тұрғындарының нақты қажеттіліктері сарапталғаннан кейін әр аудан орталығында қызметі кешенді сипатта болатын кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау Орталықтарын құру жоспарланып отыр.

Қордың хабарлауынша, 18 қыркүйекте Алматы облысында басталған "Бизнес кеңесші" бағдарламасы аясында 19 қала мен ауданда (Текелі, Талдықорған, Қапшағай қаласы мен Қаратал, Алакөл, Сарқанд, Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Ақсу, Көксу аудандарында) оқыту курстары өткізіліп 950-ден астам адам қамтылды. Семинарлар кезінде кәсіпкерлермен байланыс орнатылып, тыңдаушыларға бухгалтерлік, қаржылық есептеме жүргізу, салық т.б. өзекті мәселелер бойынша кеңес берілді. Қатысушылар, жергілікті атқарушы орындар және кәсіпкерлер тарапынан болашақта кәсіпкерлік саласына қатысты тереңірек мәліметтерді қамтитын дәрістер өткізу және оны тұрақты негізде жүргізу жөнінде ұсыныстар көптеп түсуде, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны