09.07.2014, 23:05 3175

Алматы қаласы бойынша бірінші жартыжылдықта 635 млрд. теңге салық түсті

Алматы қаласы бойынша бірінші жартыжылдықта 635 млрд. теңге салық түсті

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Салық саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған жиын болып өтті. Шара барысында 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды.

Қалалық Салық департаментінің басшысы Жайдар Інкербаев айтып өткендей, Алматы қаласы бойынша бірінші жартыжылдықта барлық кедендік төлемдерді қоса есптегенде түскен қаржының жалпы сомасы 635 млрд. теңге немесе жоспарланғанның 105,5%-ын көрсетті.

Ал, өсім қарқыны - 102,4%, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,7 млрд. теңгеге көп, деп Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады

Кіріс жөніндегі бюджет құрылымы бойынша салық органдары арқылы Мемлекеттік бюджетке 477 млрд. теңге қаржы түскен, орындалуы - 105,2%.

Алматыдан мемлекеттік бюджетке түсетін салық үлесі 30%-ды құрайды.

Алматы әкімі салық саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қала Салық органдарының басты міндеті 2014 жылы шоғырландырылған бюджетке салық және басқа да төлемдер негізінде 1 трлн. 500 млрд. теңге жинау керектігін атап өтті. Ол үшін қалада барлық мүммкіндіктер бар. Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша барлық салаларда экономика қарқынды дамуда, бұл салық базасын едәуір арттырады. Сонымен қатар салықтық әкімшіліктің де резервтері бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны