10.08.2017, 19:19 4923

Алматы қаласы индустриялық аймағыныӊ аумағында 13 жаӊа өнеркәсіп орныныӊ құрылысы жүргізілуде

Алматы қаласы индустриялық аймағыныӊ аумағында 13 жаӊа өнеркәсіп орныныӊ құрылысы жүргізілуде

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today -2019 жылға дейін балмұздақ өндірісі бойынша фабрикасы, ет өӊдеу кешені, мұнай өнеркәсібі үшін қағазды ыдыстар, құбырлар және т.б. шығару бойынша зауыты бар жаӊа жобалар іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Алатау ауданында "Индустриялық аймақ және өнеркәсіп" тақырыбында өткен инвестициялық форумыныӊ барысында "Алматы қаласыныӊ индустриялық аймағы" (ИА) ЖШС бас директоры Иділ Бөрлібаев хабарлады.

Оныӊ айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, қазіргі уақытта, коммуналдық қызметтерді төлеу арқылы мемлекеттіӊ инфрақұрылым құрылысына салған қаражаттарын қайтаруда. Сондай-ақ, Бөрлібаев жердіӊ бос алаӊдары бойынша резерв бар кезде қатысушы инвесторларды өздерініӊ өндірістерін индустриялық аймағыныӊ аумағына орналастыруға шақырды. Көзделген 275,6 гектар бос жер телімініӊ өндіріс құрылысын салуға арналған бос жер телімі 75 гектарды құрайды. Индустриялық аймақ аумағына орналастырудыӊ артықшылықтарына қатысты спикер шығындардыӊ түпкілікті арзандағанын атап өтті. Яғни, жер телімін жалға берудіӊ мөлшерлемесі жылына бір шаршы метр үшін бар-жоғы 42 теӊгені құрайды. Сондай-ақ, Алматы қаласыныӊ орталығына тікелей жақын орналасқан жер телімініӊ болуы артықшылық болып табылады. Қазақстанныӊ еӊ ірі қаласы - бұл еліміздіӊ барлық өӊірлерін байланыстыратын әрі өтім нарығы, әрі логистикалық орталық.

Сонымен бірге, форум барысында Алатау ауданы әкімініӊ орынбасары Қайыржан Жақсымбетов ауданныӊ инвест әлеуеті туралы айтып берді, оныӊ дамуына 2008 жылдан бері (құрылған сәттен бастап) бюджеттен 300 млрд.-тан астам теӊге бөлінді. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9 жылдыӊ ішінде 3 миллиард теӊгеден 100 миллиард теӊгеге дейін өсті. Ауданныӊ тауар айналымы 889 миллион теӊгеден 772 миллиард теӊгеге дейін өсті. Икімніӊ орынбасары инвест ахуалды жақсарту бойынша басты міндеттердіӊ бірі шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылатынын атап өтті. Қорыта айтқанда, "Индустрияландыру картасы" бағдарламасыныӊ шеӊберінде Алатау ауданында 25 жоба іске асырылуда, оныӊ 24 жобасы шамамен 5000 жаӊа жұмыс орындары құрыла отырып, инвестицияныӊ 107 миллиард теӊгеден астам жалпы көлемімен Индустриалды аймақ аумағында орналасқан. "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 104 жаӊа жұмыс орындары құрыла отырып, 619 миллион теӊге сомасындағы 9 жоба мемлекеттік қолдау алды,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және Индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Еске сала кетейік, Қазақстанныӊ өӊірлері бизнесті жүргізудіӊ жеӊілдігі бойынша бағаланатын болады.

ҚР ҰЭМ хабарлауынша, Қазақстанда республика өӊірлеріндегі бизнесті жүргізудіӊ жеӊілдігі рейтингі реттеушілік климат, бизнес үшін инфрақұрылым, бизнес үшін қаржыныӊ қолжетімділігі, адам капиталы және қабылданған шешімдердіӊ ашықтығы факторлары бойынша жүргізілетін болады. Зерттеу барлық облыс орталықтарында, республикалық маӊыздағы екі қалада, облыстық маӊыздағы 15 қалада, аудандық маӊыздағы 26 қалада (тұрғындар саны 25 000 адамнан кем емес болған жағдайда) жүргізілмек.

Басты мақсат - Қазақстанныӊ өӊірлеріндегі жүзеге асырылып жатқан бизнестіӊ қызмет әрекетін салыстыра отырып, реттеуді жетілдіруге көмектесу. Жоба елдегі өӊірлер арасындағы бәсекелестікті дамыту, кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау саласындағы алдыӊғы қатарлы тәжірибені тарату үшін жүзеге асырылуда. Зерттеу нәтижелерін бизнес үшін барынша қолайлы нормативтік құқықтық ортаны қалыптастыру үшін пайдалану жоспарлануда.

Бизнесті жүргізудіӊ жеӊілдігі жөніндегі рейтинг әдістемесін ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп дайындаған. Жобаны әзірлеу кезінде елдік және елдердіӊ арасындағы деӊгейдегі бизнес ортаны зерделеуге бағытталған әлемдік аналогтардыӊ тәжірибесі, сондай-ақ рейтинг әзірлеу мен енгізудіӊ негізгі әдістерін облыс, Астана және Алматы әкімдіктерімен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен талқылау кезіндегі нәтижелер есепке алынды.

Өӊірлер мен қалалардыӊ бизнесті жүргізудіӊ жеӊілдігі жөніндегі рейтингініӊ нәтижелерін ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдыӊ қарашасында жаӊартатын болады.

Рейтинг негізінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін сәйкес өӊірлердіӊ әкімдеріне арнайы сыйақы берілетін болады.

Атап өтсек, "Қазақстан Республикасыныӊ өӊірлеріндегі бизнесті жүргізудіӊ жеӊілдігі жөніндегі рейтингті әзірлеу және енгізу" жобасы Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындау аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан ағымдағы жылдыӊ маусымында бастау алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны