20.04.2018, 23:11 6012

Алматы қаласы кәсіпкерлерініӊ жыл сайынғы конференциясы өтті

Конференция барысында Алматы бизнесініӊ басқа да мәселелері талқыланды. Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Бағдат Телебай индустриялық аймақ инфрақұрылымы дамуына қосымша 6,2 млрд теӊге бөлуге ықпалдасу қажеттілігін мәлімдеді. Аталған мәселе Үкімет деӊгейінде көтерілмек.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласыныӊ әкімдігі заӊды саудаға жағдай жасауды және еӊ шалғай аудандарды қоса алғанда бизнеске "бір терезе" қағидатымен қызмет көрсетуді жалғастыра бермек.

Бастамалар "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбектіӊ, мемлекеттік органдар және мен бизнес қауымдастықтықтыӊ қатысуымен өткен Алматы қаласы кәсіпкерлерініӊ жыл сайынғы конференциясы барысында 19 сәуірде айтылды.

Тимур Құлыбаевтыӊ айтуынша, Алматы бизнес үшін "кәсіпкерлер қаласы" мәртебесіне ие шаһар. Бұған шағын және орта бизнеске жұмылған кәсіпорындар мен адамдар саны ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жасап жатқан жағдай да себеп.

"Алматы - еліміздегі бизнестіӊ тал бесігі, мұнда оныӊ дамуына қолайлы жағдай жасалған. Осы ретте Бауыржан Қадырғалиұлы Байбек пен оныӊ командасыныӊ еӊбегі зор. Икімдік кәсіпкерліктіӊ дамуына ерекше назар аударуда", - деді Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде, Алматы әкімі бизнесті кеӊейту және дамыту жолындақала әкімдігі бүкіл жауапкершілікті сезінетінін алға тартты.

"Мемлекеттіӊ бизнес, экономика және ел дамуына қатысты кез келген маӊызды шешімі "Атамекен" ҚР ҰКП қолдауынсыз іске қосылмайды. Қызу талқылаулар мен пікірі-талас туып жатады, дегенмен ортақ шешімге келуге тырысамыз, өйткені бұл бизнестіӊқарқынды дамуына әсер етеді", - деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі таӊда бірнеше бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр, атап айтқанда Алматы көркін сақтай отырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және қаланыӊ жаӊа шағын аудандарында сауда орындарын құру мақсатында көше саудасын реттеу бағытанда жұмыс атқарылып жатыр. Осы ретте "Атамекен" мұндай сауда нүктелердіӊ жалға алу мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзартып, оларды аукцион арқылы жалғаберуді ұсынып отыр.

Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектіӊ айтуынша, осы мақсатта пилоттық аукцион өткізілген. Панфилов көшесінде орналасқан 5 сауда нысаны қала бюджетіне жылына 70 млн теӊге көлемінде кіріс әкеледі деп күтілуде.

Тағы бір ортақ бастама - "OpenAlmaty"-ға жақын орналасқан толықформатты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру. Онда бизнеске "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік компаниялардан рұқсат құжаттарды қоса алғанда барлық мемлекеттік қызметтер мен кеӊес көрсетілмек. Бүгінде мұндай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Ақтау, Қызылорда мен Талдықорған қалаларында тиімді жұмыс істеуде.

"Орталықтан бастап, әр ауданда да кәсіпкерлер үшін ыӊғайлы сервис құру керек. Онда кеӊес беру ғана емес, сондай-ақ монополист компаниялар ұсынатын қызмет түрлері мен жер учаскілерін бөлуге қатысты қызметтер қамтылмақ. Бұл кәсіпкер қалаға барып, жолға шығынданбай, қызмет түрлерін тұрғылықты жерден алуы үшін қажет", - деді Тимур Құлыбаев.

Конференция барысында Алматы бизнесініӊ басқа да мәселелері талқыланды. Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Бағдат Телебай индустриялық аймақ инфрақұрылымы дамуына қосымша 6,2 млрд теӊге бөлуге ықпалдасу қажеттілігін мәлімдеді. Аталған мәселе Үкімет деӊгейінде көтерілмек.

"Келет" компаниясыныӊ вице-президенті Александр Папп кәсібін адал атқаратын отандық компаниялар өзге өӊірлердіӊ нарығына өнімдерін шығара алмай отырғандықтан, мемлекеттік сатып алулар мен демпинг жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныс айтты. Ұлттық палата бұл мәселені шешуге ұлттық компаниялардыӊ үлгісіндегідей біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу процедурасы ықпал етеді деп болжайды. "Атамекен" тиісті ұсыныстарды Үкіметке жеткізіп те қойды.

"Ұлттық палата мемлекеттік сатып алулар тәжірибесіне үнемі талдау жүргізеді. Біздіӊ ұсынысымыз - жобаны дайындау кезінде-ақ жергілікті өндірушіге қарай қалыптастыру керек. Демпинг, расында да, фирма әдейі бағаны төмендетіп, одан кейін жол ортада жобаны тоқтатқанда өзекті мәселеге айналып отыр. Не салық төлемейді, не арзан жұмыс күшін пайдаланады. "Атамекен" сатып алуларда кәсібін адал атқаратын кәсіпкерлердіӊ ғана қатысуын қамтамасыз ету керек деген ұсынысын Үкіметке енгізді. Оған қоса, бүгінде импортты алмастыру мәселесіне басты назар аударылу керек. Мемлекет басшысыныӊ, Үкіметтіӊ тиісті тапсырмалары бар. Мысалы, біз жыл сайын 250 млн доллар сүт сатып аламыз. Бұл қантқа да, құрылыс материалдарына да қатысты. Алматы осыныӊ бәрін жергілікті жерде өндіре алады, оған әлеуеті жетеді", - деді Тимур Құлыбаев.

Машина жасаушылар комитетініӊ мүшесі Павел Беклемишев дамыту институттары арқылы қаржы тарта отырып таяу 5 жылға арнап машина жасау саласыныӊ бәсекелік қабілетін арттыру бағдарламасын дайындаудыӊмаӊыздылығын атап өтті. "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтыӊ айтуынша бұл үшін Инвестициялар және министрлігініӊ деӊгейінде Қазақстан индустрияны дамыту институты қатыстырылған жұмыс тобы құрылды. Бұл ұсыныс жақын арада шешілуі керек.

Конференция барысында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға "Атамекен" тарапынан қолдау көрсету және оған жағдай жасау, сондай-ақ бұл процесске ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды, әсіресе қыз-келіншектерді тарту мәселелері де көтерілді.

"Алматы қаласы мен облысы үшін бұл мәселе маӊызды, Мұнда шағын үлес өте көп және кооперация мәселесі аса маӊызды. Бұл жұмыспен қамтуға ғана емес, сапалы өнім өндірісіне. Оныӊ нарыққа кедергісіз шығуына, бағаныӊ тым қымбаттатпай, көтерме-бөлшек сауда орталықтары арқылы делдалдарсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді. Ирине, кәсіпкерлерге бұл бағытта ары қарай да қодау көрсетеміз", - деді "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы.

Қорытындылай келе Тимур Құлыбаев "Атамекен" және жергілікті атқарушы органдардыӊ тиімді ынтымақтастығы жалғаса беретініне үміт білдірді.

"Бүгін кәсіпкерлер белгілеген міндеттер әкімдік тарапынан қолдау тауып, орындалады деп үміттенеміз. Ал біз бизнес-қоғамдастық ретінде әсем қала мен кәсіпкерлікті дамыту үшін жаӊа бағыттарды іздейтін боламыз", - деп түйіндеді ҰКП басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны