22.10.2008, 17:01 2919

Алматы қаласы мен Алматы облысын экономикалық жағынан танытудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы үкімет отырысында бекітілді

Алматы қаласы мен Алматы облысын экономикалық жағынан танытудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы үкімет отырысында бекітілді

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Алматы қаласы мен Алматы облысын экономикалық жағынан танытудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы үкіметі қаулысының жобасы қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аталмыш мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері баяндама жасады.

Тұжырымдама қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат құру, адами капитал, ғылыми-инновациялық әлеует және басқа да факторларын қолдана отырып елдің экономикалық өсуінің бірегей орталығы ретінде Алматы қаласын және Алматы облысын танытудың негізгі бағыттарын анықтайды.

Тұжырымдаманы іске асыру арқылы Алматы өңірі өзін халықаралық және ұлттық деңгейлерде: Халықаралық қаржы орталығы; Туристік және спорттық орталығы; Ұлттық, содан кейін халықаралық маңызды, көліктік-логистикалық және сауда-қызметтік қызметтер орталығы; Ғылыми-инновациялық орталығы; Индустриялық-сервистік орталығы деңгейінде көрсете алады. Тұжырымдаманың үйлестірушілік рөлі Алматы өңірінде экономикалық қызметті жандандыруға және экономикалық маңызды жобаларды іске асыру үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны