06.09.2016, 11:49 5313

Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерін талқылауға арналған селекторлық режимдегі кезекті отырыс болып өтті

Шара барысында Алматы қаласыныӊ май өнімдерін өндіретін кәсіпорындардыӊ субсидиялануы мен шикізат жетіспеушілігі және Алматы облысыныӊ су және мал шаруашылығы саласына тиісті қаражаттыӊ бөлінуі мен аграрлық бағыттағы ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтыӊ төрағалығымен Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерін талқылауға арналған селекторлық режимдегі кезекті отырыс болып өтті, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Шара барысында Алматы қаласыныӊ май өнімдерін өндіретін кәсіпорындардыӊ субсидиялануы мен шикізат жетіспеушілігі және Алматы облысыныӊ су және мал шаруашылығы саласына тиісті қаражаттыӊ бөлінуі мен аграрлық бағыттағы ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Айталық, Алматы облысы өкілдері мал шаруашылығы тауарын өндірушілердіӊ өндірген өнімдерін мемлекет тарапынан қабылдайтын орындар ұйымдастыру керектігін айрықша атады. Олардыӊ айтуынша, мысалы, қара қойдан қырқылған жүн ешнәрсеге жаратылмай, өртеліп, текке шашылып жатыр.

Өз кезегінде, бұл мәселе шешім қабылдау үшін жан-жақты ақпараттар жиналып, Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрініӊ тікелей назарында қосымша қаралатын болды. Себебі, жүн қабылдау орындарын ашу еліміздегі әрбір ауылдыӊ әлеуметтік қырын қозғап өтетін мәселе. Сондықтан да, осы бағытқа қатысты технологиялар мен өткізу нарығы толықтай зерттеліп, зерделенуге тиіс.

"Қазақстан шетке тек шикізат беріп қана қоймай, оны өзі де өӊдей алуы керек. Яғни, сол шикізатты алып жатқан елдерге барлау жасап, озық технологияларды қолға түсіріп, еліміздіӊ өз ішіндегі кәсіпорындар жұмысын жолға қою керек. Илемде жүнніӊ мұндай түрін өӊдейтін қандай технология бар? Одан не жасалады? Маған толық ақпарат ұсынуларыӊызды тапсырамын. Бұл Алматы өӊірі үшін ғана емес, бүкіл елдік ауқымда маӊызы бар мәселе. Және де оны өндірістік жоба ғана деуге болмайды. Ирбір өӊірде бір-бірлеп болса да жүн өӊдеу орындары ашылатын болса, ел жұмыстанады", - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан жетісулықтар үшін өзекті болып отырған елді мекендердіӊ төӊірегіндегі жайылымдық жерлер мәселесі сөз болды. Бұған қатысты ведомства өкілдері әзірленіп жатқан жаӊа Заӊ жобасында аталған түйткілдіӊ толықтай қарастырылып жатқанын және бұл олқылықтыӊ алдағы уақытта түгелдей дерлік жойылатынын атап өтті.

Қатысушылар ұсыныстардан да кенде болмай, ауыл шаруашылығы тәуекелдеріне бейімделген Агробанк құру мәселесін де қозғады. Дегенмен де, бұл функцияны атқара алатын банктердіӊ қазір де көптігі атап өтіліп, атын атап қойғанмен ештеӊеніӊ өзгермейтіні, екінші деӊгейлі тағы бір банкттіӊ пайда болатыны аталды. Яғни, бұл жерде қайта несие беру саясатын жетілдіре түсу керек.

Министр күн тәртібіндегі мәселелердіӊ жекелік сипатқа ие екендігін ескертіп өтті.

"Өӊірлердіӊ бәрінде осындай жиындар өткізіп келеміз. Алайда, әлі де форматты дұрыс түсінбей жатқан сыӊайлымыз. Изірге үлкен жүйелік мәселелерді көрмей тұрмын. Аймақтыӊ агроөнеркәсіптік кешеніне қатысты аса маӊызды, концептуалды сұрақтар жоқ. Ирине, нақтылық деген жақсы. Бірақ, субсидиялау, мемлекеттік қолдауға байланысты яки қай жерде асыра сілтенуде, енді қай тұстарда кемшін қалып жатыр, ҚазАгроныӊ несиелік саясаты назардан тыс қалуда. Міне, осындай бағытта дайындық болу керек. Келер жолы осыған дайындалыӊыздар", - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Айта кетейік, жаӊа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысыныӊ мәселелерін талқылаудан басталған болатын. Яғни, еліміздіӊ барлық өӊірлерінен агроөнеркәсіптік кешенніӊ көкейкесті проблемалық мәселелері жинақталып, олардыӊ негізінде арнайы кесте түзілді. Қазіргі таӊда сол реттілікке сәйкес бейнеконференциялық байланыс арқылы мүдделі тараптардыӊ қатысуымен әр аймақтыӊ агросаладағы түйткілдері жеке дара қаралуда.

Бұған дейін атап өтілгендей, бұл шаралардыӊ басты мақсаты - мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны