09.07.2015, 18:01 3819

Алматы қаласы мен облысында компаниялар 17 млрд. теӊгеден астам кірісін жасырып қалмақ болған - Қаржы министрлігі

Алматы қаласы мен облысыныӊ компаниялары 17 млрд. теӊгеден астам кірісін жасырып қалмақ болған. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ төрағасы Дәулет Ерғожин айтты

Алматы. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласы мен облысыныӊ компаниялары 17 млрд. теӊгеден астам кірісін жасырып қалмақ болған. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ төрағасы Дәулет Ерғожин айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ 8 маусымынан бері Алматы қаласы мен облысы аумағында Қытайдан әкелінген тауарлардыӊ салығы мен кедендік төлемдерін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тексеру жұмыстарыныӊ алғашқы айыныӊ қорытындысы бойынша, жекелеген компаниялардыӊ 17 млрд. теӊгеден астам кірісін жасырып қалмақ болғаны анықталды", - деді Д.Ерғожин, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, сондай-ақ, салық төлеуден жалтарған 1602 жеке тұлға анықталған және салық қызметі органдарына тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысудыӊ 3816 жағдайы тіркелген.

"Қазіргі уақытта бұрын салық органдарына тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысып келген 3942 кәсіпкерді қосымша тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру жұмыстарыныӊ нәтижесінде 211 салық заӊнамасын өрескел бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Комитет басшысы.

Д.Ерғожинніӊ айтуынша, осындай тексерістер еліміздіӊ барлық облыстарында жүргізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны