01.11.2016, 16:12 4499

Алматы қаласы Түркісіб ауданында өндіріс көлемі 65 млрд. теӊгеге жетті

Негізінен, аудан бойынша инвестиция 30 млрд. теӊгеге артты, оныӊ 20% немесе 5,5 млрд. теӊгеден астамы шетелдік салым. Инвестицияныӊ басым көзі шаруашылық субьектілердіӊ жеке меншік қаржысы болып табылады, олардыӊ үлесі 81% -ды құрады.

Алматы. 1 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 1 қарашасы күні аймақтық коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Түркісіб ауданыныӊ Икімі Владимир Устюговтыӊ қатысуымен 2016 жылдыӊ 9 айы бойынша Алматы қаласы Түркісіб ауданыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды аудан әкімініӊ баспсөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта аудан халқы 216 мыӊ адамды құрайды, ауданныӊ жалпы аумағы -75,7 мыӊ шаршы шақырым.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ауданда - 4256 заӊды тұлға әрекет етеді,

оныӊ ішінде 39 - ірі, 98 - орта, 4 119 шағын, сонымен бірге 47 ірі және орта өндірістік кәсіпорындар жұмыс жасайды.

Дағдарыс құбылыстарыныӊ күшейгеніне қарамастан, қаланыӊ тұрмыс-тіршілігі аясындағы негізгі көрсеткіштер бойынша аудан төмен көрсеткіштер берген жоқ.

Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 6,5%-ға ( 61- ден 65 млрд. теӊгеге) артты, бұл қала бойынша көлемніӊ 13% -ын құрады.

Негізінен, аудан бойынша инвестиция 30 млрд. теӊгеге артты, оныӊ 20% немесе 5,5 млрд. теӊгеден астамы шетелдік салым. Инвестицияныӊ басым көзі шаруашылық субьектілердіӊ жеке меншік қаржысы болып табылады, олардыӊ үлесі 81% -ды құрады.

Бес институционалдық реформа және индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы шеӊберінде , шикізат өнімдеріне әлемдік бағаныӊ ауытқуына тәуелділікті төмендету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Сондықтан қазір бизнесті мемлекеттік қолдау маӊызды болып отыр.

Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында 43 кәсіпорын жалпы сомасы 55 млрд теӊгені құрайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда, болашақта 6 мыӊ жаӊа жұмыс орындарын құруға 15 кәсіпорын жалпы сомасы 4 млрд теӊгеге субсидия түрінде қолдау алды.

Алматы қаласын дамыту бағдарламасы бойынша 2263 жаӊа жұмыс орындары құрылды, бұл жылдық жоспардыӊ 87%-ын құрайды (жаӊа кәсіпорындар - 847 ж.о., көбейту - 1416 ж.о.).

Аудан экономикасыныӊ негізгі тірегініӊ бірі орта және шағын бизнес- ол барлық салықтық төлемдердіӊ 30% қамтамасыз етеді.Сондықтан еӊ бірінші мәселе - инвестициялық климатты жақсарту және әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылады.

Жеке және көтерме тауар айналымыныӊ көлемі өткен жылдыӊ осы уақытымен салыстырғанда пайыздық арасалмағы 2,3 есеге өсті және 767 млрд теӊгені құрады.

Аудан бойынша жолаушылар легі 69 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе артық, 65 тыс. тоннадан астам жүк тасымалданды.

2016 жылға салық бойынша болжам 54,1 млрд. теӊгені құрады, оныӊ РБ - 34,6 млрд. тг., ЖБ - 19,5 млрд. тг.

Жергілікті атқарушы органдар медициналық мекемелердіӊ тығыздылығы туралы мәселені қарастырып жатқандығын атап айтуға болады. 2008 жылдан бері бір ауысымда 900 адам қабылдайтын №20,24,28 3 емхана, №4 қалалық клиникалық емханада 300 орындық көп функционалды кешен , 260 орындық ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер салынды.

Білім беру аясында жағымды өзгерістер бар. Ауданда 28 мектеп бар, оныӊ 5- мектеп-гимназия (№44, 59, 78, 83, 162), 2 лицей (№71, 107) және 21 жалпы білім беретін мектеп, сонымен бірге екі жеке меншік мектеп (Болашақ, Жаӊа бастау).

2008 жылдан бергі кезеӊде жалпы саны 5300 орынды 5 (№32, 76, 84, 195,198) мектеп, сонымен бірге № 142 мектепке 200 орынды қосымша құрылыс салынды.

Ауданда 5 299 баланы қамтыған 45 мектепке дейінгі мекемелер қызмет көрсетуде, оныӊ ішінде: мемлекеттік 22 (3850 бала), 22 жеке меншік және бір шағын орталық (1449 бала). Жыл басынан бері 150 жұмыс орнымен 524 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды және оныӊ 11-інде 353 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген. Кәсіпкерлер салған инвестицияныӊ жалпы сомасы 261 млн.теӊгені құрады. Жылдыӊ соӊына дейін 8 балалар ұйымын ашу жоспарланған.

Тұрғын үй мәселесі өзекті мәселеніӊ бірі болып қалады.Мемлекеттік бағдарлама бойынша жас отбасыларға қолжетімді баспана беру мүмкіндігі шешіледі.

Мысалға, қазіргі уақытта "Жас Канат" ықшамауданында 28 тоғызқабатты тұрғын үй салынды (1744 пәтер), оныӊ 8 үйі қоныстандырылды (498 пәтер).

Сонымен бірге, "Ескі баспана" қалалық бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда , 2012 жылдан Сауранбаев, Чернышевский, Сейфуллин, Молдағалиев көшелерініӊ шаршысында құрылысы басталған, 19 тұрғын үйге (390 пәтер) осы кварталдағы 16 ескі үйден 200 отбасы көшірілді. Бұдан басқа 20 бесқабатты тұрғын үй салынды (414 пәтер, оныӊ 300 пәтері "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша берілді)

Болашақта "Алтай-2" ықшамауданындағы 1961 жылы салынған 57 ескі үйді (456 пәтер) сүріп, орнына 47 тұрғын үй салу (1900 пәтер) жоспарлануда.

Бұл шаралар әл-ауқаттыӊ артуына , әсіресе жастардыӊ жағдайын жақсартуға әсер етеді.

2015 жылы басқа аудандармен қатар, жаяу жүргіншілер аймағы, демалыс орындары, спорт және балалар алаӊдарын жаӊарту бойынша дат сәулетшісі Ян Гейлдіӊ концептуалды пилоттық жоспары жүзеге асырылды.

Мысалға, Жұлдыз ықшамауданында және Д.А.Қонаев атындағы ҮАК жағалауында 250 метрлік жаяу жүргіншілер аймағы қайта құрастырылды, көгалдандыру бойынша , қалдық жәшіктерін, орындықтар орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар және сыртқы жарықтандыру желілерін орнатып, 980 метр ұзындықта Сейфуллин даӊғылынан Жансүгіров көшесіне дейін жаяу жүргіншілер мен велосипед жолы ұйымдастырылды. Аудан бойынша өзендердіӊ сағасын бекіту және абаттандыру мақсатында Сұлтан-Қарасу өзенінде ұзындығы 4 шақырым жұмыс жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі желтоқсан айы.

Қазіргі кезде жолдарды орташа жөндеудіӊ бірінші кезеӊі бойынша ұзындығы 9 км болатын 17 көше жөнделді және екінші кезеӊ бойынша ұзындығы 2,8 км болатын 6 көшеде орташа жөндеу дұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес шұӊқырды жөндеу бойынша 24 көшені жөндеу жұмыстары және 5 көшеде жүргінші жолын салу жұмыстары орындалуда. Қазіргі уақытта Сүйінбай және Фучик көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында барлық магистралды жол мен 377 көшені жарықтандыру жүзеге асырылды, 449,5 км ұзындықта 12 724 мыӊ жарыққа және сыртқы жарықтандыруды басқарудыӊ 143 шкафына қызмет көрсетілуде.

Қалалық бюджеттен 2016 жылға келесі жобаларға қаржы бөлінді:

-284 тұрғын үйді газдандыру;

- Жас Қанат ықшамауданыныӊ ішкі ауласын абаттандыру жұмыстарын аяқтау;

- 2 үйде ЖЖБ орнатылды

-30 ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтау;

- Илмерек ықшамауданында сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірленді

-Алтай ықшамауданындағы және Глазунов көшесіндегі "Ескі баспана" бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алу,

-жолды жөндеудіӊ екінші кезеӊініӊ жұмыстарын аяқтау;

-Бекмаханов, Жансүгіров пен М.Жұмабаев көшесініӊ қиылысы,Сейфуллин даӊғылы мен Шолохов көшесініӊ қиылысындағы ұзындығы 1532 ш.м.болатын арық желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-Экономика мен бюджетті жоспарлау Басқармасы бағдарлама әкімшілігімен бірлесіп - ұзындығы 18 шақырымды құрайтын арық желілерініӊ жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде;

- Жалпы 4017 ағашты санитарлық қию және 250 ағашты кесу бойынша жұмыстар аяқталды

-Балалар паркі мен 8 саябақты ағымдағы жөндеу аяқталды;

-Сұлтан Қарасу өзенініӊ жағалауын абаттандыруды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны