21.12.2017, 22:04 4984

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша орташа айлық жалақы көлемі - 134 805 теӊге

2017 жылы әкім аппаратына 5 181 067,0 мыӊ теӊге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген.

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2017 жылы әкім аппаратына 5 181 067,0 мыӊ теӊге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген. Орындалуы 100% құрайды. Мұндай тыӊ ақпарат көздерін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісу ауданыныӊ әкімі Мұхтар Ілиясұлы айтты.

Аудан әкімніӊ сөзіне сүйенсек, Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыныӊ ақпараты бойынша 2017 жылға мемлекеттік бюджет болжамы 116 305 мыӊ теӊгені құрайды, 2017 жылдыӊ 30 қарашасына түсімдердіӊ дәйекті көрсеткіші 101 627 млн. теӊге, орындалу 87%. Республикалық бюджет 86 779 млн. теӊге сома көлемінде белгіленген, дәйекті түскені 72 716 млн. теӊге, орындалу пайызы 84% құрайды.

Жергілікті бюджет 29 526 млн. теӊге көлемінде белгіленген, бюджетке дәйекті түскені 28 911 млн. теӊге, 98% орындалды. Алматы қаласы Статистика департаментініӊ 2017 жылдыӊ қаӊтар-қараша айларына мәліметтері бойынша ауданда қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімдері 159 042 млн. теӊгеге өндірілді.Барлық өнеркәсіп бойынша физикалық индекс көлемі 103,8% құрады. Аудан бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі қаӊтар-қараша айларына 37 654 млн.теӊгені құрады. Аудан бойынша нақты орташа айлық жалақы көлемі - 134 805 теӊге. Аудан бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылардыӊ саны 39 196 адамды құрады.

Қаӊтар-қараша айларына бөлшек тауарайналымы 395 млрд. теӊгені құрады немесе қалалық бөлшек тауарайналымыныӊ 18 %. Көтерме тауарайналымы қаӊтар-қараша айларына іске асырудыӊ барлық каналдары бойынша 1669 млрд. теӊгені құрады немесе қалалық көтерме тауарайналымыныӊ 19%. 2017 жылдыӊ 30 қарашасына аудан кәсіпорындарында Жетісу ауданы бойынша 3341 жаӊа жұмыс орындары құрылды,- деп хабарлады аудан басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны