03.10.2016, 11:38 3838

Алматы қаласына өнімді тікелей жеткізу бойынша 30 келісімге қол қойылды

Алматы - өнім өткізудіӊ басты нарығы, соӊғы бес жыл ішінде қала тұрғыныныӊ қатары 20%-ға өсіп, 1,7 млн. адамнан асты, таяудағы 15 жыл ішінде 46%-ға жетеді деп күтілуде. Жыл ішінде 1 трлн теӊге түратын азық- түлік тұтынылады, оныӊ 300 млрд теӊгесі - импорт.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өӊіраралық кооперацияны нығайту мақсатында мегаполис инвесторлары мен кәсіпкерлері Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполисте отандық өндірушілер мен азық- түлік қауіпсіздігіне ерекше мән берілетінін жеткізді. Бұл Мемлекет басшысы алға қойған міндет екендігін, оны өзара бірлесіп жүзеге асырудыӊ берері молдығын да атап өтті."Біз еліміздіӊ сегіз облысымен байланыс орнаттық, кездесулер нәтижесінде Алматы қаласына өнімді тікелей жеткізу бойынша 30 келісімге қол қойылды. Алматы - өнім өткізудіӊ басты нарығы, соӊғы бес жыл ішінде қала тұрғыныныӊ қатары 20%-ға өсіп, 1,7 млн. адамнан асты, таяудағы 15 жыл ішінде 46%-ға жетеді деп күтілуде. Жыл ішінде 1 трлн теӊге түратын азық- түлік o?ouiueaau, оныӊ 300 млрд теӊгесі - импорт. Илеуетіміз үлкен" , - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі әкімшілік кедергілерді жоя отырып, агрокешен саласында байланыс көлемін арттыру қажеттігін айтты.

" Қала импортыныӊ құрылымына талдау жүргізу барысында мол көлемде импортталатын 86 сауда тобы анықталды. Мысалы, ірімшіктер мен құс еттерініӊ теӊ жартысы, шұжық және сары май өнімдерініӊ 40% -дан астамы импортталады екен. Біздіӊ міндетіміз олардыӊ орнын өзімізідіӊ сапалы отандық өнімдермен толтыру" , - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылдыӊ мамыр айында алматылық сауда орындарына ШҚО-ныӊ өнімдері түскен болатын. Шеберлік сыныптары өткізіліп, бүгінгі күні ШҚО қалаға өнімніӊ 100 түрін жеткізуде. Екі жақ та өзара келісе отырып, импорттық өнімді алмастыратын тауар шығаруды арттырмақшы.

ШҚО-ныӊ әкімі Даниал Ахметов өӊірдіӊ индустриялық қуаты мен ауылшаруашылық әлеуетініӊ жоғары екендігін айтты. Таяудағы 15 жыл ішінде өӊірдіӊ инвестициялық тартымды әрі дамыған аймаққа айналатындығын атап өтті.

"Біз сүт өнімдерін көп өндіреміз, мал шаруашылығы саласы жақсы дамыған, өӊірде құс етін өндіру жобасы жүзеге асуда. Біз инвесторларға қажетті өнім өндіру үшін 90 000 гектар суармалы жер ұсына аламыз", - деді Д.Ахметов.

Кездеуге қатысушылар ШҚО әр өӊірінен жеткізілген 50 тонна балдыӊ дәмін татып, "MagnumCash&Carry" гипермаркетініӊ ассортиментімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны