Система Orphus

Алматы қаласында болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт салынатын болады

13.04.2018, 10:22 2815

Алматы . 13 сәуір. Kazakhstan Today - "Kazakh Invest" қолдауымен, болаттан жасалғанүлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт құрылысы бойынша "AsiaSteelPipeCorporation" инвестициялық келісімшартқа қол қойылды

Алматы қаласында ағымдағы жылдыӊ соӊына қарай болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт салынатын болады. "Kazakh Invest" қолдауымен сәйкес инвестициялық келісімшартқа қол қойылды, оныӊ аясында қытай инвесторы (CNPC еншілес компаниясы) қазақстандық серіктестерімен бірге жобаға 50 млн. АҚШ долларын инвестиция құяды және өӊірде 300 тұрақты жұмыс орнын жасайды. Жобаныӊ жалпы құны 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Осы зауыт Алматы қаласы Алатау ауданыныӊ Индустриялық аймағындағы 18,3 га ауданды аумақта орналасатын болады. Жоғары технологиялық зауыттыӊ құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерініӊ 70% импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Инвесторлар құрылыс кезеӊі ішінде өӊірде 1000 уақытша жұмыс орындары мен зауыт іске қосылғаннан кейін 300 тұрақты жұмыс орындары жасалатындығын атап өтті.

Зауыт жыл сайын 100 мыӊ тонна жоғары сапалы құбыр өнімдерін жеткізетін болады деп жоспарлауда. Осы дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Сонымен қатар коррозиядан сақтайтын жабындар өндіру де болжанып отыр.

"Біз зауытты 2018 жылдыӊ желтоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Алматы қаласы әкімдігімен, түрлі министрліктермен және ведомствалармен, сондай-ақ Индустриялық аймақ дирекциясымен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Болашақта өндірісті жыл сайын 150 мыӊ тоннаға дейін кеӊейту жоспарланып отыр",-деп атап өтті "Asia Steel Pipe Corporation" ЖШС коммуникациялар жөніндегі кеӊесшісі Раджан Нұрмұхамбетов.

Өндірістік желі өнім өӊдеудіӊ 38 түрлі әдістерін қамтиды. Болат құбырларыныӊ диаметрі 355-тен 1420 мм дейінгіні қамтиды.

Осы жоба Қазақстандағы Республикалық Индустриалдандыру Картасына және ҚХР "Белдеу және Жол" Бастамасы" Бағдарламасына енгізілген.

Дәнекерленетін құбырлар өндірісі бойынша жобаны іске асыру Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинніӊ 2014 жылғы кездесуі нәтижесініӊ арқасында мүмкін болды, осы кездесу аясында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен CNPC арасындағы мұнай-газ саласындағы Кешенді стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны