16.05.2018, 20:40 6753

Алматы қаласында Даму қоры арқылы 43 жоба қолдау алған

Сондай-ақ, субсидиялау бойынша өзгерістер енгізілді. 180 млн.теӊгеден аспайтын несиелер бойынша Даму қорыныӊ өтінімді қарау мерзімі - 5 жұмыс күніне теӊ. 180 млн. теӊгеден асатын несиелер бойынша өтінімді өӊірлік бағдарлама үйлестірушісі 21 жұмыс күні ішінде қарастырады.

Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - Алматы қаласында Даму қоры арқылы 43 жоба қолдау алған.

Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Даму" КДҚ Алматы қаласы филиалы директорыныӊ орынбасары Едіге Марғұлан баяндады.

Оныӊ ақпаратына сүйенсек, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды құрайды.

Кредиттіӊ еӊ жоғарғы сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд.теӊге.

"Бизнестіӊ жол картасы-2020 бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы бойынша экономиканыӊ басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланады.

Сондай-ақ, субсидиялау бойынша өзгерістер енгізілді. 180 млн.теӊгеден аспайтын несиелер бойынша Даму қорыныӊ өтінімді қарау мерзімі - 5 жұмыс күніне теӊ. 180 млн. теӊгеден асатын несиелер бойынша өтінімді өӊірлік бағдарлама үйлестірушісі 21 жұмыс күні ішінде қарастырады.

2017 жылғы нәтиже бойынша, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөнінде 148 келісім шартына қол қойылды. Игерілген мақсатты трансферт сомасы 3,719 млн.теӊгені құрайды. Өнеркәсіп, көлік және сауда салалары жетекші орында.

Кепілдеме құралы бойынша 2017 жылы Алматы қаласында 43 жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 2 496 млн.теӊгені құрайды, сонымен бірге кепілдеме сомасы 873 млн.теӊгеге теӊ.

Жалпы 2018 жылғы 1 тоқсанныӊ есебі бойынша Алматы қаласында 24 кепілдеме келісім шартына қол қойылып, кепілдеме сомасы 339 млн.теӊгені құрады.

"Даму Оптима" - "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ мақсатты тобына кірмейтіндерге арналған. Бұл жаӊа құрал сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары секілді салалар үшін қолжетімді болады.

"Даму Оптима" бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге "Даму" қорыныӊ кепілдемесін пайдалана отырып несие алуға мүмкіндік береді.

2016 жылы жүзеге асырыла бастаған "Даму Оптима" бағдарламасына енгізілген өзгерістер қатарында - кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау, кепілдеме беру талаптары, кепілдендірудіӊ жаӊа түрлерін енгізу мен қазіргі қолданыстағы түрін дамыту да бар. Атап айтқанда инвестициялық мақсаттағы несиеніӊ есебінен алынған кез-келген жылжитын/жылжымайтын мүлікті бұдан былай банкке кепілдік ретінде ұсынуға болады. Бағдарламаныӊ бұған дейінгі талабы бойынша мұндай жағдайда үшінші жақтыӊ кепілдігі керек болып, кәсіпкердіӊ барлық кепілзаттарыныӊ 70 пайызы тұрақты және өтімді болуы міндеттелетін еді.

Енгізілген тағы бір өзгеріс - "Даму"-Оптима" бағдарламасына ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлердіӊ де қолы жететін болғандығы. Енді олар банк алдындағы кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда Қордан несие сомасыныӊ 85 пайызына дейін кепілдеме ала алады. Ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлерге 30 млн теӊгеге дейін несие беріледі.

Бизнесі жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін непілдеме сомасы бұрынғыдай, яғни несие сомасыныӊ 50 пайызы болып қалды. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін берілетін несие сомасы - инвестициялық мақсатқа 180 млн теӊгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теӊгеге дейін. Бизнесі бар кәсіпкерлер жоба құныныӊ 20 пайызын өздері шығаруы керек.

Кепілдеме "Даму"-Оптима" бағдарламасы бойынша 2017 жылы жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 584 млн.тг, кепілдеме сомасы 247,6 млн.тг, - деп сөзін түйіндеді Едіге Марғұлан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны