08.06.2017, 16:52 3924

Алматы қаласында қызанақтар өсіретін жылыжай салынады

Алматы қаласында қызанақтар өсіретін жылыжай кешенініӊ құрылысы басталады. Алаӊы 8 гектарды құрайтын жаӊа нысан Алатау ауданы Индустриялық аймағыныӊ аумағында орналасатын болады.

Алматы. 8 маусым. Kazakhstan Today - Алматы қаласында қызанақтар өсіретін жылыжай кешенініӊ құрылысы басталады.

Алаӊы 8 гектарды құрайтын жаӊа нысан Алатау ауданы Индустриялық аймағыныӊ аумағында орналасатын болады. Көкөністер жылыжай кешенінде "гидропоника" технологиясы бойынша, яғни топырақсыз, жыл бойы өсірілетін болады. Аталған жобаны "Алматы Индустриялық аймағы" (ИА) қатысушыларыныӊ тізіліміне енгізуді Өӊірлік үйлестіру кеӊесі (ӨҮК) мақұлдады. Жылыжай кешені және тағы да 5 жоба өзініӊ өндірістерініӊ құрылысын ИА аумағында бастайды.

ӨҮК мәжілісініӊ барысында жылыжайда өсірілетін қызанақтардыӊ жоғары сапасына голландиялық жабдықтыӊ және көшетке қосымша жарық беру, тұмандату, перделеу жүйесі, себелеп суару секілді бірқатар инновациялық шешімдердіӊ кепілдік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, пайдаланылған суды тазарту жүйесі көзделген, ол су шығыныныӊ екі есеге жуығын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылыжайда жылына 5 000 тоннадан астам қызанақ өсіріледі деп болжануда. Жаӊа кәсіпорынды іске қосу арқылы 105 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Қолданыстағы көптеген жылыжайларда ескірген технологиялардыӊ қолданылатынын атап өтеміз, яғни олардыӊ шамамен 86%-ы 1970-1990 жылдардағы жылыжайлар. Бұл, өнімніӊ басым бөлігі жабық топырақта сәуір айынан қазан айын қоса алғанға дейінгі кезеӊде өсіріледі деген сөз, осылайша, қыс мезгілінде бұл өнім импортпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, "ҚҚЖЗ - Қазақстан құбыр желісі жабдықтарыныӊ зауыты" ЖШС жер телімін алды, ол өзініӊ қолданыстағы зауытыныӊ өндірістік жүктемесін Түрксіб ауданынан ИА ауыстырады. Кәсіпорынныӊ шығаратын өнімініӊ негізгі түрі жапқыш жабдық болып табылады. Жобаны Индустриялық аймақ аумағында іске асыру шығарылатын өнімніӊ көлемін 2 есеге арттыруға, сондай-ақ қосымша 150 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ӨҮК мәжілісінде "GROUPNAK 8" ЖШС тоӊазытылған қамыр өндірісі бойынша жобасы мақұлданды. Жоба бірінші жасаӊдағы нан-тоқаш өнімдерініӊ өндірісіне бағытталған, олар неміс технологиясы мен отандық шикізатты пайдалана отырып, еуропалық жабдықта дайындалатын болады. Кәсіпорын жылына 720 тонна тоӊазытылған қамыр шығаруды жоспарлап отыр. Өнімніӊ түріне қара және ақ, Ciabata итальян наны, француз багеттері, қытырлақ нан, ішіне тәтті салынған бөлкелер, француз круассандары, кекстер және маффиналар кіреді.

Сондай-ақ, ИА қатысушыларыныӊ тізіліміне енуге "Үлгі Құрылыс" пластикалық терезелер өндірісі бойынша цехініӊ, "Гарант Бетон" ЖШС автоклавты газбетон шығару бойынша зауытыныӊ, сондай-ақ "ҚазМонолит Групп" ЖШС металл ауаарналарыныӊ өндірісі бойынша цехініӊ кіргенін атап өтеміз,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны