17.08.2010, 13:51 3094

Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымының даму деңгейі әлемдік жетекші қаржы орталықтарының жалпы стандартына сай емес

Есеп комитеті Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы қызметінің тиімділігін көтеруге кеңес береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - тамыз. Kazakhstan Today - Есеп комитеті Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы қызметінің тиімділігін көтеруге кеңес береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымының даму деңгейі әлемдік жетекші қаржы орталықтарының жалпы стандартына сай емес. Инвесторлар мен эмитенттер санының азайғандығы байқалады. Атап айтқанда, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы олардың саны 77-ден 69-ға дейін қысқарған, ал қор биржасындағы эмитенттердің саны 144-тен 126-ға дейін жеткен",- деп атап көрсетті Есеп комитеті.

Тағы да көптеген кемшіліктерге байланысты Есеп комитеті үкіметке Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып тауарлық биржалар тізімін бекітуге, отандық қор нарығына мемлекеттің қатысумен ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын орналастыруға кеңес берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны