24.04.2018, 23:25 8717

Алматы қаласындағы зейнетақы төлемдері 185 060 млн. теӊгені құраған

Бұл ретте, зейнетақы жарналарын тұрақты түрде, яғни 15-20 жыл бойына жыл сайын 10-нан бастап 12 жарнаға дейін аударып отырған салымшылардыӊ орташа жинақтары ерлер арасында 3 300 мыӊ теӊгені және әйелдер арасында 2 261 мыӊ теӊгені құрайды

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласындағы зейнетақы төлемдері 185 060 млн. теӊгені құраған.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында "БЖЗҚ" АҚ Өӊірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департаментініӊ директоры Мамила Құрманжанқызыныӊ қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Мамила Құрманжанқызыныӊ айтуынша, 2018 жылғы 1 қаӊтарға зейнетақы жинақтарыныӊ сомасы есептік кезеӊ ішінде 1 095 473 млн. теӊгеге немесе 16,4%-ға өсіп, 7 780 738 млн. теӊгені құрады.

Жеке зейнетақы шоттарыныӊ (ЖЗШ) жалпы саны 2018 жылғы 1 қаӊтарда 10 119 мыӊ бірлікті құрады, оныӊ ішінде МЗЖ бойынша - 9 637 мыӊ, МКЗЖ бойынша - 443 мыӊ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) - 39 мыӊ бірлік.

Шарттардыӊ барлық түрлері бойынша өткен жыл үшін түскен жарналар 757 699 млн. теӊгені (2016ж. көлемнен 8 %-ға артық), зейнетақы төлемдері ЖТС есебімен 185 060 млн. теӊгені құрады, оныӊ ішінен 72% (132 632 млн. теӊге) жасы бойынша берілген төлемдерге жатады, сақтандыру ұйымдарына аударылғаны - 26 058 млн. теӊге, ал әскери қызметкерлердіӊ бюджетке қайтарылған 50% міндетті зейнетақы жарналары 1 663 млн. теӊгені құрады,-дейді ол.

Еліміз бойынша аударылған жарналардыӊ орташа айлық саны - 5,6 млн. 2017 жылғы МЗЖ-ныӊ орташа айлық сомасы 15,1 мыӊ теӊгені құрады. (Салыстыру үшін, ҚР ҰЭМ Статистика комитетініӊ деректеріне сай Республика бойынша орташа айлық жалақы 2017 жыл бойына 140,3-тен бастап 163,7 мыӊ теӊгеге дейін түрленіп отырды). 2016 жылы орташа айлық МЗЖ 14,2 мыӊ тенгені құрады, (орташа айлық жалақы 132,8-нан бастап 142,4 мыӊ теӊгеге дейін түрленіп отырды).

2017 жылғы таза инвестициялық табыс (комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағанда) 550 556 млн. теӊгені құрады.

Зейнетақы активтерініӊ есептік кезеӊдегі нақты табыстылығы (зейнетақы активтерініӊ есебі жүргізілетін шартты зейнетақы бірліктері құныныӊ өсуі негізінде есептелетін) көрсетілген кезеӊдегі жинақталған құнсыздану деӊгейінен 0,8 пайыздық тармаққа асып түсіп (7,1% құраған болатын), 7,9% құрады,-деп атап өтті ол.

2017 жылы ЖЗШ саны 76 мыӊ бірлікке (1%) өсті. Мұндай көбею Қордыӊ жаӊа салымшылары үшін 396 мыӊ ЖЗШ ашу және мына себептер: зейнетақы жинақтарыныӊ төленуіне байланысты - 192 мыӊ шарт (60%), шарттардыӊ деректер базасын өзектендіру нәтижесінде салымдарды біріктіру - 81 мыӊ шарт (25%), ЖЗШ ашылған күннен бастап 36 ай өтсе де зейнетақы жинақтарыныӊ болмауына орай - 47 мыӊ шарт (15%) бойынша 320 мыӊ ЖЗШ-ныӊ жабылуы есебінен орын алды.

Шоттардыӊ 53%-ныӊ иегерлері ер азаматтар (4,9 млн. ЖЗШ) және 47%әйелдерге (4,3 млн. ЖЗШ) тиесілі болып табылады.

Салымшылардыӊ МЗЖ есебінен орташа жинақтары ерлер арасында 944,8 мыӊ теӊгені, әйелдер арасында 716,8 мыӊ теӊгені құрады. Зейнеталды жасындағы салымшылардыӊ (ерлер 60-62, әйелдер 55-57) МЗЖ есебінен қалыптастырылған орташа жинақтары ерлер арасында 1 152,6 мыӊ теӊгені және әйелдер арасында 1 017,4 мыӊ теӊгені құрады.

Бұл ретте, зейнетақы жарналарын тұрақты түрде, яғни 15-20 жыл бойына жыл сайын 10-нан бастап 12 жарнаға дейін аударып отырған салымшылардыӊ орташа жинақтары ерлер арасында 3 300 мыӊ теӊгені және әйелдер арасында 2 261 мыӊ теӊгені құрайды, - деп баяндады департамент директоры Мамила Құрманжанқызы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны