20.02.2009, 13:11 1412

Алматы қаласының 2009 жылғы нақтыланған бюджетіне сәйкес, қала бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері 96,6 млн теңгеге ұлғайтылады

Алматы қаласының 2009 жылғы нақтыланған бюджетіне сәйкес, қала бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері 96,6 млн теңгеге ұлғайтылады

Алматы. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының 2009 жылғы нақтыланған бюджетіне сәйкес, қала бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері 96 млрд 580 млн 932 мың теңгеге ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының барысында Алматы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының төрайымы Лариса Васильева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматы қалалық бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері 96 млрд 580 млн 932 мың теңгеге ұлғайту көзделуде, соның ішінде республикалық бюджеттен трансферт бөлу есебінен - 95 млрд 37 млн 121 мың теңгеге, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша 2008 жылдан қалған қалдықтың есебінен - 1 млрд 543 млн 811 мың теңгеге ұлғаяды", - деді Л. Васильева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны