18.01.2011, 17:56 4679

Алматы қаласының 2011 жылғы бюджеті 97,7 млрд теңгеге өсті

Бүгін Алматы қаласы мәслихатының ХХХVI сессиясында IV шақырылымның депутаттары 2011 жылғы қала бюджетін бекітті. Дауыс беру нәтижесі бойынша қала бюджеті 97 миллиард 777 миллион 895 мың теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы мәслихатының ХХХVI сессиясында IV шақырылымның депутаттары 2011 жылғы қала бюджетін бекітті. Дауыс беру нәтижесі бойынша қала бюджеті 97 миллиард 777 миллион 895 мың теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Яғни, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылғы қала бюджеті 276 миллиард 891 миллион 895 мың теңге көлеміндегі бекітілген.

ҚазАқпарат агенттігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, мәжілісте Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов баяндама жасады. Оның айтуынша, қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігі 97 миллиард 777 миллион 895 мың теңгеге ұлғайған. Оның 81 миллиард 149 миллион 399 мың теңге көлемі республикалық бюджеттен мақсатты транферттер есебінен, ал 16 миллиард 628 миллион 496 мың теңге 2010 жылғы бюджет қалдығын бөлу есебінен ұлғайған.

Республикалық бюджеттің трансферттері білімге, денсаулыққа, әлеуметтік қамтамасыз етуге, спортқа, көлік және байланысқа, жылу-энергетикалық кешенге, тұрғын үй-комуналдық шаруашылығына, құрылыс салуға және тұрғын үй сатып алу үшін Алматы қаласының бюджетін несиелендіруге бөлінбек.

Жиында 2010 жылғы қала бюджетінің орындалу қорытындысы бойынша жыл соңында 16 миллиард 628 миллион 496 мың теңге көлемінде еркін қалдық қалды деп айтылды. Оның 4 миллиард 255 миллион 874 мың теңге көлемі республикалық бюджет есебінен қалған ауыспалы шығыстар, 2 миллиард 365 миллион 833 мың теңге көлемі жергілікті бюджеттен.

Сессия жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны