09.06.2008, 10:06 1575

Алматы қаласының әкімі көлік және коммуникация министріне Үлкен Алматы айналма жолын салуды жылдамдатуға өтініш білдірді

Алматы қаласының әкімі көлік және коммуникация министріне Үлкен Алматы айналма жолын салуды жылдамдатуға өтініш білдірді

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көлік және коммуникация министріне Үлкен Алматы айналма жолын (ҮААЖ) салуды жылдамдатуға өтініш білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сын сағаттарында Алматыға 100 мыңға дейінгі көлік келіп кіреді. Оның жартысын жүк сыйымдылығы үлкен немесе үлкен көлемдегі жолаушы көліктері құрайды. ҮААЖ салуды аяқтау бойына барлық ірі көтерме базарларды, уақытша сақтау қоймаларын, автовокзалдар мен басқа да нысандарды шығаруға мүмкіндік берер еді", - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов Алматы әкімдігінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен жиналыста.

"Қазіргі уақытта ҮААЖ салынып жатқан жерлердегі жер телімдерін сатып алу мәселесі толығымен шешілмеген. Изірге, олардың концессионерлер қаражаты есебінен немесе бюджет қаражаты есебінен сатып алынатыны белгісіз.

Сонымен қатар, А. Есімов премьерге Алматы қаласындағы жол айрықтарын салуға байланысты қиындықтар жайында хабарлады. Атап айтқанда, сенбі күні соңғы жылдағы үшінші жол айрығы пайдалануға берілді. Алайда, құрылыс материалдарының бағасының қымбаттауы салдарынан мердігерлер қиын қаржылық жағдайда қалған. Икімнің айтуынша, осы мақсаттарға 3,7 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат тарту туралы келісім болған. Алайда, өтемақы төлеу мәселесі әлі шешілмеген.

Сол уақытта биылғы жылдың қыркүйек айына дейін тағы екі жол айрығының құрылыс аяқталады. "Бұлардан басқа тағы 5 жол айрығы қажет", - деп хабарлады А. Есімов.

Семейде соңғы 10 күнде 4 адам суға батып кетті, оның екеуі - балалар

Семей. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семейде соңғы 10 күнде 4 адам суға батып кетті, оның екеуі - балалар. Бұл туралы қалалық су-құтқару қызметі басқармасының бастығы Қуанышбек Байтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Соңғы жылдары өсу үрдісі байқалып отыр. 2006 жылы 26 адам суға кетсе, 2007 жылы 29 адамның қазасы судан болған. Сараптама нәтижелері суға кеткендердің 80 пайызы мас адамдар болғанын көрсетіп отыр", - деп түсіндірді Қ. Байтуғанов.

Қ. Байтуғанов суға шомылу маусымы 15 маусымда басталатынына қарамастан, қазірдің өзінде адамдар суға шомылуға баруда. Өздерінде де бақыламайды, балаларына да қарамайды. "Егер өзен-көлдерге баратын болсаңыздар, балалармен әңгіме өткізсеңіздер екен", - деп кеңес берді ол.

Су-құтқару қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Ертіс өзенінің суы әлі жылымаған және минус 5-7 градусты құрап отыр. Сондықтан да, өзенге шомылуды кейінге қалдыра тұрған дұрыс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны