06.08.2009, 12:30 3434

Алматы қаласының бюджеті 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге өсіп, 223 млрд теңгені құрады

Алматы қаласының бюджеті 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге өсіп, 223 млрд теңгені құрады

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бюджеті 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге өсіп, 223 млрд теңгені құрады. Бұл туралы 4 тамызда өткен қала әкімдігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Алматы қаласының 2009 жылдың қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы шығарылған кезде мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылы Алматы қаласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге өсіп, 223 млрд теңгені құрады. Үстіміздегі жылы республикалық трансферттер көлемі 19 млрд теңгеге жетті, олардың жалпы сомасы - 110 млрд теңге.

Қазіргі кезде Алматы қаласының әкімдігі нақтылы екі бағдарламаны жүзеге асыруда, олар: Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуын тұрақтандыру жоспары (Дағдарысқа қарсы бағдарлама), оны жүзеге асыруға бөлінген сома 103 млрд теңге және Еңбекпен қамтуды қамтамасызету стратегиясы ( жол картасы), оған бөлінген қаржы 24,5 млрд теңге. Бұл қаржылар құрылыс кешенін дамытуға, үлескерлер, кіші және орта бизнес проблемаларын шешуге бағытталған.

Осы жылдың 6 айының ішінде 1190 үлескердің мәселесі шешілді. Екінші жартыжылдықта 3558 үлескер проблемасы шешілетін болады. 2009 жылдың 1 шілдесі барысында муниципалды қордан 200 шаршы метр болатын 337 ипотекалық және "100 мектеп пен 100 аурухана" бағдарламасына қатысушыларға 169 пәтер берілді.

Жұмыспен қамтудың аймақтақ стратегиясын орындау үшін жергілікті қаржыландыруды ескере отырып, қалаға 24,5 млрд теңге бөлінген. Дағдарысқа қарсы бағдарлама мен жол картасына сай қалада 33 мың жұмыс орны құрылған. Қосымша 30,6 мың жұмыс орны пайда болмақ, оның 20,0 мыңы инвест жобалар арқылы, ал 10 мыңнан астамы жастар практикасы бағдарламасына қатысты жүзеге аспақ.

Нәтижесінде Алматы қаласында дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша 13 мың адам жұмыспен қамтылған. Азиада, метро, Шығыс айналмалы жол және басқа да құрылыс жұмыстарының қарқыны арта түсуде.

Дағдарыс салдарынан Алматыда өндіріс орындарының көлемі - 20%, құрылыс жұмыстары - 41%, негізгі капиталды инвестициялау - 43%. Соған қарамастан, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Лариса Васильева дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде жүзеге асыру арқасында тұрақтылыққа қол жеткенін айтты.

Жыл басынан бері қарай мегаполисте 450 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануғаберліген немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 122,4%. Маусым айында мамырмен салыстырғанда инвестиция көлемі 71,6 % -ға артқан.

Бөлшек сауда айналымы 10,6 % (393 млрд. тенге), ал көтерме сауда 37 % (1 трлн. тенге). Кіші және орта бизнес қатары 4,8 %-ға өскен. 6 ай ішінде екінші деңгейлі банк тер кіші және орта бизнеске 310 млрд. теңге несие берген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 % -ға көп. Тұтыну индексі 104,6% , өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға төмен. Алматы тұрғындарының орта номинальды ақшалай табысы - 60 444 тенге, ол 1,5 % -ға өскен, номинальды еңбек ақы - 5,5 % немесе 90 038 тенге. Бұл - еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Биыл тұқрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамытуға 14 млрд. теңге бөлінген. Бұл салада 40 мың адам жұмыс істейді немесе 10 %. Жартыжылдықта дағдарысқа қарсы шаралар барысында ТҮКШ-ты дамытуға 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылған, 8935 жаңа жұмыс орны құрылған немесе 27 %. Түрлі шараларды жүзеге асыру барысында үнемге де қол жетуде. Мысалы, Алматы Су Холдингінің үнемі 10% құрайды. Ол өзін -өзі қаржыландыра бастады.

Қаланың консолидірлі бюджетіне түрлі салық төлемдерінен 287 млрд. теңге түскен, болжам 6 % -ға артығымен орындалды.

Қала әкімі дағдарыстың бірқатар кемшіліктердің бетін ашқандығын атап өтті.

"Тендер барысында үлкен соманы жеңіп алған жекелеген кәсіпорындар қаладан тыс жерлерде тіркелген, бұл бағдарлама администраторларының, аудан әкімдерінің жіберген кемшіліктері. Кейбір жабдықтаушы компаниялар салықты аз төлеу үшін түрлі қитұрқылықтарға баруда", - деп атап өтті.

Қала басшысы бағдарлама администраторларының жеке жауапкершіліктерін қарайтындығын ескертті.

"Міндеттеменің орындалмағандығы жөніндегі әр факт бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану жөніндегі комиссияда қаралады, ол жүзеге аспаған жағдайда, тиісті шешім шығарылып, кадрлық мәселе қойылатын болады. Бұдан былай ешқандай сылтау назарға алынбайды", - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі администратор лардың бюджет тік қаржыны қалай болса солай жұмсайтындығын да айтты.

"Жекелеген жандардың мүддесі үшін қала бюджетіне қол салуға жол берілмейді", - деп атап өтті А.Есімов.

Қала әкімдігі "Самрұқ - Қазына" қорымен түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Үлескерлер бойынша - 3958 үлескері бар құрылыс кешендері қаржыландырылуда. Ипотека бойынша - жалпы құны 26,9 млрд тенге болатын ипотекалық несие қайта қаржыландырылды. Бұл 3,5 мың заемщиктің несиелік пайызын төмендетті. Шағын және орта бизнес бағдарламасы жүріп жатыр. Үш транш бойынша жалпы құны 68, 2 млрд теңге болатын жоба қаржыландырылды. Осы транштар арқылы Алматыда 33,1 млрд теңге игерліді немесе бөлінген барлық қаржының 31%. Казкоммерцбанктің кепілдігі бойынша Қазақстанның Даму банкі "Шымбұлақты" дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңге болатын несиелік желіні ашты. Энергокешен бойынша - "Самрұқ-Қазынаның" жарғылық капиталын толықтыру үшін 2009 жылы Алматы қаласының энергокешендеріне республикалық бюджеттен 11 млрд тенге бөлінді. "Самрұқ -Қазына" арқылы Алматыға 188 млрд теңге тартылды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері "КазАгромен" бірлесе отырып, нақтылы істерді жүзеге асырды. Соның барысында жалпы құны 8,3 млрд тенге болатын 6 жоба жүзеге асуда.

Алматының электрокөлігін дамытуға 10 млн АҚШ доллары тартылды. Бұдан өзге қалаға 600 мың теңге грант берілді. Инвесторлар қаржысына жыл аяғына дейін 200 экологиялық таза автобустар алынады.

Ахметжан Есімов қазақстандық тауарларға айрықша мән беру қажеттігін атады. "Самрұқ - Қазына" қорымен осы мақсатқа жалпы құны 222,5 млрд теңге болатын келісім-шартқа қол қойылған. Қазір соның 30,2 млрд теңгесі жүзеге асты.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де жан- жақты сөз болды. Жер жөніндегі комиссия бұрын қабылданған құрылыс салу жөніндегі 300 шешімді жойды. Бұл жерлер қазір басқа мақсаттарға пайдаланылуда.

"Қала бюджетін толықтырудың потенциалды резерві - жер. Оны барынша тиімді пайдаланып, кіші және орта бизнесті дамытудың көзіне айналдару қажет. Кәсіпкерлер өз бизнестерін дамыту үшін жерді сатып немесе жалға алуларына болады", - деп атап өтті А.Есімов.

"Туризм де пайда көзі. Мен қанша айтқаныммен, бұл іске күні бүгінге дейін тиісті назар аударылмай келеді. Табиғи -климаттық жағдай, инфрақұрылым, Азиада нысандары туризімді дамытуы тиіс" -, деді әкім.

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі қазіргі кезде Үкіметтің "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңды қайта қарауы мүмкін екендігін айтты. Егер ол оң шешімін тауып жатса, нұр үстіне нұр болады деді қала басшысы.

"Жақында Елбасы атап өткеніндей, "Біз дағдарысты жеңдік деп айту ертерек, дегенмен оң істерге қол жеткені шындық. Ел жағдайы тұрақты, инфляция бұрынғы жылдармен салыстырғанда төмен, девальвация болмайды". Сондықтан да біз де өз жұмысымызды барынша ұтымды жүргізіп, екінші жартыжылдықта биік межелерден көрінуге тиіспіз", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны