08.07.2011, 12:28 3370

Алматы қаласының бюджеті 8 млрд теңгеге арттырылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалпы алғанда 2011 жылға арналған қаланың нақтыланған бюджетінің жалпы сомасы 309 млрд 969 млн 744 мың теңгені құрады. Ал нақты қолданыстағы бюджет 261 млрд 329 млн 835 мың теңге.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бюджеті 8 млрд теңгеге арттырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бюджеттің кіріс бөлігі 8 млрд 132 млн 958 мың теңгеге арттырылды. Бұл қаражат Алматы қаласының басты шараларына бағытталады. Олардың қатарында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, табиғат қорғау және т.с.с. нысандардың жөндеу жұмыстары бар", деп мәлімдеді Алматы қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов мәслихаттың 4-ші шақырылымының сессиясында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалпы алғанда 2011 жылға арналған қаланың нақтыланған бюджетінің жалпы сомасы 309 млрд 969 млн 744 мың теңгені құрады. Ал нақты қолданыстағы бюджет 261 млрд 329 млн 835 мың теңге.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов былтырғы жылы қала бюджеті 264 млрд теңгені құрағанын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны