09.04.2008, 19:22 3153

Алматы қаласының бюджетінде жасалатын өзгерістердің жалпы мөлшері 3,8 млрд теңгені құрайды

Алматы қаласының бюджетінде жасалатын өзгерістердің жалпы мөлшері 3,8 млрд теңгені құрайды

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімдігі бүгін басталған мәслихаттың тоғызыншы сессиясының талқылауына биылғы жылдың бюджетіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жолдады. Бұл түзетулердің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының әкімдігі аппаратының қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

Басқарманың хабарлауынша, 2008 жылғы кіріске жасалған болжамның 3,5 млрд теңгеге артқаны да ескеріледі. Осылайша, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 7,3 млрд теңге көлеміндегі қаражатты қала шаруашылығын дамытудағы басымдыққа ие бағыттарды қаржыландыруға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлуді ұсынып отыр.

2008 жылы тұрғын үй аумағын пайдалануға беру көлемінің артуына байланысты ипотекалық тұрғын үй құрылысын қосымша қаржыландыруға 2 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Земнухов көшесінің оңтүстігі мен Шацкий көшесінің шығысында 500 келіп-кетуге есептелген емхана құрылысының жобалық-сметалық құжатын жасауға 18,850 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, Шаңырақ ықшамауданындағы 200 келіп-кетуге арналған емхана құрылысына 19,320 млн теңге, Камаз ықшамауданындағы емханаға 5,796 млн теңге бөлінді.

Икімдіктің хабарлауынша, көліктік инфрақұрылымды дамытуға, қала даңғылдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Райымбек - Пушкин - Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы көлік торабын салуды жалғастыруға 500 млн теңге, Райымбек - Розыбакиев қиылысына - 600 млн теңге және Абай - Жандосов - Сәтбаев даңғылдарының қиылысында салынып жатқан жол торабына 500 млн теңге бөлу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Құлжа трактысындағы көлік торабынан бастап әуежай терминалына дейін жол салу бойынша жобалық-сметалық құжатын жасауға 48,350 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ, әлеуметтік қажеттіліктерге 39,319 млн теңге бөлу көзделіп отыр, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі аппаратының қоғаммен байланыс басқармасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны