23.07.2008, 16:05 2822

Алматы қаласының бюджетіне салық пен төлемдерді жинау болжамының орындалмауына дүниежүзілік экономикадағы кері үрдістер себеп болған - әкімдік

Алматы қаласының бюджетіне салық пен төлемдерді жинау болжамының орындалмауына дүниежүзілік экономикадағы кері үрдістер себеп болған - әкімдік

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік экономикадағы кері үрдістер Алматы қаласының бюджетіне салық пен төлемдерді жинау болжамының 5,8 пайызға орындалмауына себеп болды. Бұл туралы Алматының І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиналыс барысында Алматы қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Лариса Васильева мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономиканы капиталдандыруды арттыруда белгілі бір рөл Алматы өңірлік қаржы орталығына берілген. Икімдік орталықтың базалық инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, бюджеттен осы мақсатқа 270 млн теңге бөлген. Алайда, қазіргі таңда АӨҚО сауда алаңындағы барлық құнды қағаздар мен валюталар бойынша айналым көлемі Қазақстанның қор биржасындағы барлық мәмілелердің 1 пайызынан аса алмай отыр. Яғни, қайтарымдылық мемлекет шығындарынан әлдеқайда төмен. Бұл оның дамуын қарқындандыруға қосымша шараларды іске асыруды қажет етеді", - деп атап көрсетті Л. Васильева.

Оның айтуынша, жергілікті бюджетке салық пен төлемдерді жинау өткен жылмен салыстырғанда 7 млрд теңгеге өскен. Ол бойынша берешек жыл басынан бері 200 млн теңгеге қысқарды. "Алайда, айлық жалақы мен халық табысы 20 пайыздық номиналдық өсімге қол жеткізгенімен бөлшек сауда айналымының өсу қарқыны бәсеңдеді", - деді Л. Васильева. Бұл ретте ол сұраныстың азаю салдарынан бірқатар мемлекеттік кәсіпорындар соңдарынан бүкіл өнеркәсіпті ертіп, өндіріс көлемін 9 пайызға қысқартып жібергенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны