12.01.2012, 16:29 66156

Алматы қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ішкі өнім өндірісінің көлемі бойынша Алматы қаласы елімізде бірінші орында тұр. Республикалық жалпы ішкі өнімнің 18 пайызы Алматының үлесіне тиесілі.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ішкі өнім өндірісінің көлемі бойынша Алматы қаласы елімізде бірінші орында тұр. Республикалық жалпы ішкі өнімнің 18 пайызы Алматының үлесіне тиесілі.

Алматы өнеркәсіптік өндірістің өсімі бойынша 1993 жылғы 1,4 млрд. теңге көрсеткіштен 2010 жылы 430,4 млрд. теңге көрсеткішке қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары барлығы 3 трлн. жуық теңгенің өнімдері өндірілді. Алматы еліміздің өңдеу өнеркәсібі ең дамыған бес индустриялық өңірінің қатарына кіреді. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы негізгі үлес салмақты - 80,8 пайызды - тамақ өнеркәсібі өндірісі алып отыр. Соңғы жылдары бұл саладағы өсім 10-15 пайызды құрауда.

Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығы жоғары, оған негізгі капиталға тартылып отырған қомақты инвестициялар дәлел. Республика бойынша барлық инвестицияның 80 пайызы Алматыға тиесілі. Жалпы алғанда, 1998 жылдан бері қала бойынша күрделі құрылысқа салынған инвестиция көлемі 6,8 есеге ұлғайды, оған тұрғын үй құрылысы саласында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы қолдау болды.

Шағын және орта бизнес қала экономикасының негізін құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 73,9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді және олардың 58 мыңнан астамы - жеке кәсіпкерлер.

Шағын және орта бизнес саласында 352 мың алматылық жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда барлық салық түсімінің жартысынан астамын осынау шағын және орта бизнес секторы беріп отыр, жұмысқа жарамды әрбір үшінші алматылық осы салада еңбек етеді. Шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімдер өсімі 2005 жылғы 354 млрд. теңге көрсеткіштен 2010 жылы 1819 млрд. теңгеге дейін, 5,7 есеге өсіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны