26.09.2016, 20:36 6913

Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ көлемі 6,5 млрд теӊгені құрады

Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ көлемі 6,5 млрд теӊгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. 2016 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестиция көлемі 23,6 млн теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ көлемі 6,5 млрд теӊгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. 2016 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестиция көлемі 23,6 млн теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ауданда бүгінгі күні 1200 орынға арналған мектеп пен "Ақжар" ықшамауданында бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы инфрақұрылымды дамыту үшін, сондай-ақ, Абай даӊғылын қаланыӊ батыс шекарасына дейін созу, Төле би және Ұлықбек көшелерін де батысқа қарай ұзарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2014 және 2016 жылдар аралығында ауданда 50 шақырым болатын 70 көшеніӊ автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген, жаӊа арық желілері салынуда, ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 8 магистралдық көшеге сыртқы жарықтандыру желісі тартылатын болады.

Бұған қоса ауданда Райымбек даӊғылын бойлай бірнеше көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады, ірі агроөнеркәсіптік кешен тұрғызылады және ол көліктік-логистикалық орталықтыӊ қызметін біруақытта атқаратын болады.

Осы орайда еске сала кетейік, 2014 жылғы шілде айында Мәслихаттыӊ кезектен тыс XXIX сессиясында Наурызбай атты жаӊа аудан құру жөнінде шешім қабылданды, сөйтіп мегаполисте жаӊадан 8-ші әкімшілік-аумақтық бірлік пайда болды. Қазақ халқыныӊ ұлтазаттық күресініӊ қолбасшысы Наурызбай батыр есімін иеленген аудан аумағыныӊ жері 6 976 га. Оған Иуезов ауданыныӊ бір бөлігі және ауданға арнайы бөлініп берілген аумақтар қосылған. Ресми мәлімет бойынша аудан тұрғындарыныӊ саны 157 мыӊ адам.

Ауданда 700-ден астам жер учаскелері бар, олар ауылшаруашылығын дамытуға: жылыжай құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, алма бақшаларын салу және т.б. арналған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны