01.08.2008, 14:23 2729

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі мен "Атамекен Одағы" ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі мен "Атамекен Одағы" ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі мен "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осылайша, екі жақ қаржы нарығын дамыту саласын бойынша қарым-қатынасты барынша дамытуға, эмитенттер мен инвесторлардың қор нарығына шығулары үшін жағымды жағдай жасауда көздеуде. Атап айтсақ, ҚРА АӨҚО төрағасы Аркен Арыстанов "аталған ынтымақтастық отандық бағалы қағаздар нарығында жалпыұлттық одақ құрамына кіретін эмитенттелген компаниялар үшін табысты болмақ", деп атап өтті өз баяндамасында.

АӨҚО мен "Атамекен" тауар биржасын жетілдіру мен дамыту, тауарлар үшін туынды қаржы құралдарын шығару жоспары келісілді. Сонымен қатар, екі жақ халықтың инвестициялық мәдениеті пен қаржы сауаттылығын арттыру бойынша бірлесіп жұмыс жасауды, оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді өткізуді жоспарлауда.

Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы басшысы Азат Перуашев қор нарығының қазіргі кезде жанданып жатқандығын атап өтті.

"Бүгінде бұл кіші және орта бизнес эмитенттері мен жеке тұлға арасындағы инвесторлар үшін қаражат салымының тартымды алаңы", - деді А.Перуашев.

Сонымен қатар "Атамекен" одағының басшысы "Нарықтың өтімділігін арттырудағы үлкен серпіліс АӨҚО арнайы сауда алаңында жаңа листингтік талаптарды енгізу болды", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны